Жол апатына түстіңіз бе? Кім кінәлі екенін өзара шешім алдыңыздар ма? Бұл жағдайда патрульдік полицияны шақырмауға болады.
Арнайы «Европротокол» мобильді қосымшасын пайдаланып, сақтандыру компаниясынан өтемақы алыңыз.
Міндетті шарттар:
— ЖКО-да 2 қатысушыдан көп болмауы керек
— зардап шеккендер болмауы қажет және үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтірілмеуі тиіс
— келтірілген залал сомасы 100 АЕК-тен (369 200 теңге)аспауы керек
— екі жүргізушіде де міндетті автокөлікті сақтандыру полисі болуы шарт
Ол үшін :
1. Қолданбаны телефонға жүктеп алыңыз
2. Барлық қажетті орындарды толтырыңыз
3. Верификациядан өтіңіз
4. Көліктің зақымдалған бөліктерін суретке түсіріңіз
ЖКО туралы хабарлама сақтандыру компаниясына автоматты түрде түседі.
Маңызды! «Европротокол» қосымшасы арқылы ЖКО ресімдеген адамдар әкімшілік жауаптылықтан босатылады.