Екі күнде 20 мыңға жуық талапкер грант конкурсына өтініш берді

Қазақстанда жоғарғы оқу орындарына қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Сенбі-жексенбі демалыс екеніне қарамастан комиссиялар грант конкурсына өтінім қабылдап отыр.

Кешелі бері грантқа түскен өтінім саны 19 774 болды. Бұл сан әлі өсе беретіні анық.

Мұның ішінде 17 909 өтінім ұлттық тестілеу орталығы арқылы берілген.

1865 өтінім — электронды үкімет арқылы.

Талапкерлер мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін қабылдау комиссиялары демалыс күні де толық жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер кез келген ЖОО базасында құжат тапсыра алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *