Елімізде коронавирусты анықтайтын тестілер қаншалықты тиімді

Елімізде КВИ-ді анықтайтын тестілер жаңартыла ма? Бұл тестілер мутацияланған түрін анықтауға қауқарлы ма? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді.

«Зертхананың биологиялық материалында SARS-CoV-2 коронавирус ангтигенін сапалы анықтау үшін кейінгі жылдары негізінен Ресей мен Қазақстанда өндірілетін тест-жүйелер қолданылады. Бұл тест-жүйелері SARS-CoV-2 вирус антигенін анықтау үшін арнайы жасалған, сонымен қатар инфекцияны тиімді диагностикалауға мүмкіндік береді», — делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Комитет ақпаратына қарағанда, елімізде 2024 жылдың 7 айында 1290 КВИ жағдайы анықталыды және өлім-жітім тіркелген жоқ. Таяуда Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті КВИ-ге қатысты ел арасында тараған алып-қашпа сөзді жоққа шығарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *