Жаңа заңға сәйкес, сотқа дейінгі сатыда тұтынушылардың талаптарын орындамаған кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Құқығы бұзылған және мәселесі сотқа дейінгі сатыда шешілмеген тұтынушының талаптарын кәсіпкер өз еркімен орындамаса, сот сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) айыппұл өндіріп алады.
Онлайн-саудада да тұтынушылардың құқықтары қорғалады. Сатушының үстінен тұтынушы шағымы түскен кезде электронды сауда алаңы тұтынушының құқықтарын қалпына келтіру шараларын қабылдауы керек.
Сондай-ақ тұтынушылар қауымдастығы айтқан құқықтық кемшіліктер жойылды:
- кәсіпкерлік субъектілердің «E-tutynushy» ақпараттық жүйесіне міндетті емес тіркелу туралы нормасы алынып тасталды;
- қайтаруға жатпайтын тауарлар тізімінен медициналық бұйымдар, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары алынып тасталды;
- авиабилеттерді сатып алу және туристік қызмет көрсету туралы шарттар бойынша 100% қайтарылмайды деген ұғым алынып тасталды;
- тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне тауарлар мен қызметтерді бақылау сатып алу мүмкіндігі берілді;
- несиеге сатып алған тауарларды қайтару шарттары белгіленді.