Ескерткіштер аумағы абаттандырылды

18 сәуір – халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізілді.

8 сәуірде басталған «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Акцияға Рудный қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі де ерекше қолдау білдіріп, жұмыстарды белсенді бастап кетті.

«Біз, қаланың тарихи құндылықтарын сақтайтын және қорғайтын мәдениет бөлімі ретінде бұл күндері қаламыздың ескерткіштеріне ерекше көңіл бөлеміз. Әр ұйым өз учаскелерінде жұмыс атқару үшін барлық ұйымдарға хат жібердік. Ұйымдардың көбі белсенділік танытып, кейбіреулері бұл жұмыстарға барлық шығын материалдарын сатып алғанын хабарлады. Рудный қаласының кіреберісіндегі «Горняк» мүсіні, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған Космонавтов көшесінде орналасқан обилиск, Қазан революционерлеріне арналған ескерткіш маңдары тазартылды. Бізде қалада бар болғаны 20 ескерткіш бар. Белгіленген мерзім бойынша біз бұл жұмыстарды 26 сәуірге дейін орындаймыз және мамыр мерекелерін жарқын әрі әдемі қарсы аламыз деп ойлаймын,-» деп хабарлады мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Қазбекқызы.

Айта кетейік, экоакцияның алғашқы «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Келесі апталығы «Жасыл аймақ» деп аталады. Өңірде көшет отырғызу, ағаштарды әктеу шаралары қолға алынатын болады. Осыған сәйкес тазалық жұмыстары апта бойы жүргізіледі.

Бахыт ИСИМБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *