Құқық қорғау сақшылары есірткіге қарсы күрес жүргізсе, оны сатуға тырысатындар қатары азаяр емес.
Нашақорлық-қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі, ал ең қауіпті қылмыстардың бірі-есірткі заттарын сату, әсіресе жастар мен балалар үшін алаңдаушылық туғызады.
Қазақстанда есірткіні сақтағаны және өткізгені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тіпті жарнама жасалғаны үшін де түрме жазасын ала алады. Қылмыстық кодекстің 297 бабына сәйкес 5 жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін түріндегі жаза тағайындалады.
Рудный қаласының прокуроры Ақбар Әбділдиннің айтуынша, есірткі қылмысы жиелеп, жұмыс күрделене түсуде.
«Ағымдағы жылы есірткі құралдарын заңсыз сақтағаны үшін, 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, 5 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Қазір қылмыскерлер әлеуметтік желі арқылы жұмыс жасап, оларды ұстау қиынға соғып жатыр» — дейді Рудный қаласының прокуроры Ақбар Әбділдин.
Зиянкестер есірткіні жарнамалау және насихаттау үшін заманауи технологияларды қолдана бастады. Ол әлеуметтік желілер арқылы сатады. Соның кесірінен 18-30 жас аралығындағы азаматтар жеңіл ақша табуға қызығып, қылмыскердің қулығына түседі. Тұрақты жұмыстары болмағандықтан, өздері бұл заңсыз бизнестін таратушысы болғанын түсінбейді.
«Әлеуметтік желілер арқылы оңай ақша табуды іздеп, олар есірткі мен психотроптық заттарды салу бойынша курьер жұмысына тұрады. Тапсырыс берушілер жұмыстың мәнін қашықтықтан түсіндіріп, нұсқау береді. Оның міндеттеріне: бірқатар тыйым салынған заттарды белгіленген жерге тығып, сатып алушыға орналасқан мекен-жайы мен фотосурет жіберіп сату. Еске саламыз, есірткі салу бойынша жұмысты жүзеге асыратын адамдар бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Көбінесе есірткі курьерлері бас бостандығынан айырудың нақты мерзімін алған кезде, олар жасаған істеріне өкіне бастайды»,-деп түсіндірді Рудный қаласының прокуроры Ақбар Әбділдин.
Есірткі мен нашақорлыққа қарсы алдын-алу жұмыстарын атқару, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, жастарды нашақорлық індетінен аластату- барлық елдің міндеті. Жаңа оқу кезеңінің басталуымен мұғалімдер оқушылардың ісіне, мінез-құлқына аса назар аударуы қажет.
Жасөспірімдердің бойында өзгерістерді байқасаңыз, психолог және әлеуметтік педагогке жүгіну керек. Қазіргі уақытта Рудный қаласының прокуратурасы есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ерекше бақылауға алды.
Сания Сақтаған