Еңбек министрлігі Қазақстандағы ең жоғары ақы төленетін мамандықтарды атады

2024 жылғы маусымда Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 94,4 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер – 88,9 мың түйіндеме орналастырды.

Маусым айында білікті қызметкерлер арасында ең танымал мамандықтар автокөлік жүргізушілері (1,7 мың бос жұмыс орны), медбикелер (1,6 мың бос жұмыс орны) және тәрбиешілер (1,5 мың бос жұмыс орны) болды. Бұл ретте PR-менеджерлерге (+1,2 мың бос жұмыс орны), іс жүргізушілерге (+948 бос жұмыс орны) және автоматтандыру инженерлеріне (+235 бос жұмыс орны) сұраныс артты.

Маусым айында жұмыс берушілер ең көп жалақыны бас құрылысшыларға (орта есеппен 662 мың теңгеден бастап), үңгілеушілерге (~612 мың теңге), сондай-ақ IT-қосымшаларды әзірлеушілерге (~563 мың теңге) ұсынды.

Жұмыс іздеушілер тарапынан басшылық лауазымдарға үміткерлерді қоспағанда, ең жоғары жалақыны өз түйіндемелерінде ұшқыштар (орта есеппен 1 млн теңгеден бастап), кеме капитандары (~933 мың теңге) және коммерциялық кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (~920 мың теңге) көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *