Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында елдің басты басымдықтары, оның ішінде әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, білім беру, экономикалық өсу және құқықтық тәртіп мәселелері қаралды. Жолдаудың негізгі тұжырымдары әлеуметтік әділеттілікті нығайту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, экономиканы дамыту және негізгі секторларда мемлекеттік бақылауды күшейту қажеттіліктеріне бағытталған.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және денсаулық сақтау жүйесіне бюджеттен қомақты қаржы бөлінуі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Алайда, практикада бұл жүйеде бірқатар қиындықтар туындап, оларды қайта қарауды және шешуді талап етеді.
Атап айтқанда, қазіргі ақпараттық порталдар мен деректер базалары дәрігерлер мен учаскелік мамандарға жұмыс істеуге ыңғайсыз және оларды толтыру үшін көп уақыт қажет етеді. Дәрігерлер науқастармен сапалы қарым-қатынас жасау және қамқорлық жасау сияқты басты міндетінен гөрі, әртүрлі деректер базасына ақпарат енгізуге уақыт жұмсауға мәжбүр. Дәрігерлерге пациенттермен жеке қарым-қатынасқа көбірек уақыт бөлу қажет. Бұл медициналық қызметкерлер арасында алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселе.
Сонымен қатар, жекеленген мамандар тапшылығы әлі де күрделі мәселе болып отыр. Біз Рудный қаласына білікті мамандарды тарту жолдарын белсенді түрде іздестірудеміз және заңнамаға өзгерістер енгізу мен әзірлеу бағытында мемлекеттік органдармен ынтымақтастыққа дайынбыз.
Медицина саласындағы кез келген өзгерістер денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің нақты жұмыс жағдайлары мен науқастардың қажеттіліктерін ескере отырып әзірленуі маңызды. Біз бұл өзгерістер шынымен пайдалы және тиімді болуы үшін өз ұсынымдарымызды беруге және өзара іс-қимыл жасауға дайынбыз.
Біз медициналық қызметкерлерге жұмыс процестерін оңтайландыру және қарапайымдандыруға, сондай-ақ халық үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған заңнаманы жаңарту бүкіл ұлттың денсаулығын нығайтуға және барлық азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға әкелетініне сенеміз.
Жәнібек ҚАЛАБАЕВ
суретті түсірген Алексей ФРОЛОВ