«Жаңа дала-2024» агро көрмесі өңірдің осы саладағы соңғы жетістіктерін кеңінен таныстыру алаңына айналды.
Көрмеде ұсынылған жаңа сұрыптар, жоғары өнімді техника және инновациялық технологиялар ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Биыл өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландыру көлемі едәуір ұлғайып, 175 миллиард теңгеге жетті, бұл былтырғыдан 40%а артық (106 миллиард теңге). Қолданылған минералды тыңайтқыш көлемі де айтарлықтай. 250 мың тоннаға жуық тыңайтқыш пайдалану жоспарлануда.
Бұл шаралар ауыл шаруашылығы өнімін арттырып қана қоймай, тамақ өнеркәсібінің дамуын ынталандыра отырып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.