Рудный қаласы 1950 жылдардың ортасында жұмысшы кенті ретінде Қазақстанның маңызды өнеркәсіптік орталығына айналды. Оның негізі Сарбай темір кен орнының ашылуымен байланысты.
Рудный ірі өнеркәсіптік, мәдени және пайдалы қазбаларды өндірудің маңызды орталығына айналған қала, ал оның тұрғындары қаланы салған алғашқы құрылысшылардың мұрасымен мақтанады. Олар қиыншылықтарды жеңіп, болашақтың негізін қалады, бүгін біз сол болашақтың жемісін көрудеміз.
Рудныйдың құрметті азаматтары – қаланың дамуына өз еңбегімен және адал қызметімен көп үлес қосқан адамдар. Олардың арасында дәрігерлер, педагогтар, кәсіпкерлер және қоғамдық қайраткерлер бар. Әрқайсысы тұрғындардың өмірін жақсартуға елеулі үлес қосты. Олар қиындықтарды жеңіп, табысқа жетудің үлгісін көрсетеді. Құрметті азаматтардың қала өміріне белсене қатысуы жергілікті бастамалар мен әлеуметтік жобалардың дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Олар қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, жастар бастамаларын қолдайды және ардагерлерге көмектеседі. Олардың өмірлік тәжірибесі жас буынға үлкен шабыт береді. Тәуелсіз елдің өндіріс қаласы болып табылатын Рудный бүгінде көркейіп келеді.
Тәуелсіздік – бұл еліміздің ұлттық құндылығы. Ол халықтың өз тағдырын өзі анықтауына, даму жолын таңдауға мүмкіндік береді. Рудный қаласы, тәуелсіздік жылдарында, өзінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жаңа бағыттарға бағыттап, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізді.
Достық – біздің қоғамымыздың негізі. Рудный тұрғындары арасындағы мықты достық қарым-қатынастар әлеуметтік байланыстарды нығайтады, ал бұл, өз кезегінде, қаланың дамуына оң әсер етеді.
Бейбітшілік – еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі. Рудныйда бейбітшілікті сақтау және оны нығайту үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ардагерлер мен жастар арасында диалог орнатылады.
Береке – әр адамның қоғамға, отбасына және жақындарына жасаған жақсылығы. Рудный жастары мен құрметті азаматтары, қайырымдылық акцияларына қатысып, жақсылық жасау арқылы өзара көмекті күшейтіп, қалада берекені арттыруда.
Ардагер – елге сіңірген еңбегімен және өмірлік тәжірибесімен қаламызда құрметке ие болған азаматтар. Рудный қаласының ардагерлері қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, жас ұрпаққа үлгі көрсетеді. Олардың еңбек жолы мен өмірлік тәжірибесі қала тұрғындары үшін өнеге.
Аманжол САГНАЕВ,
сурет «РР» мұрағатынан