Жаңа заң лудомандардың отбасын қорғауға көмектеседі – қоғам белсендісі

Есірткімен күрес және лудоманияға қарсы бағытталған «Narkostop» және «Вне игры» жобаларын жүзеге асыратын «Хақ-Назар» қоғамдық қорының төрағасы Нұржан Жакупов ойын бизнесі мәселелері туралы жаңа заңға байланысты пікір білдірді.

Кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.

Алматыда құмар ойындарға құштар жастардың азаюына атсалысып жүрген қоғам белсенділерінің бірі, «Хақ-Назар» ҚҚ төрағасы Нұржан Жакупов жаңа заңның тиімділігі туралы айтты.

— Бұл заң жобасының біраз уақыттан бері талқыланып келді. Енді қабылданған заң қоғамға оң әсер етеді ойлаймын. Әсіресе, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған тұлғаларға бәс тігуге тыйым салу – өте жақсы шешім. Өйткені адам бұл тізілімінде бола тұр құмар ойындарға қатысатын болса, бұл нағыз лудоманияның көрінісі. Айтылған заң лудомандардың отбасын қорғауға көмектеседі. Себебі мұндай адамдар өз отбасы мүшелерінің атынан жиі қарыз алады. Сондай-ақ букмекерлік кеңселерге спорт саласынан бөлек жерде жарнама жасауға шектеу қойылды. Бұл да дұрыс шешім, өйткені жарнама – жаңа адамдарды құмар ойын бастауға және лудоманиядан емделіп жүрген адамның ойынға қайта оралуына итермелейді. Осы шектеулерді ескере отырып қабылданған заңды тиімді деп айта аламын, – деді ол.

Нұржан Жакупов лудоманиямен күресуге бағытталған «Вне игры» жобасының мақсат-міндеттер туралы да айтып өтті.

— «Вне игры» жобасы аясында біз лудоманияға қатысты зерттеу жүргіземіз және билік тарапымен, Парламентпен, жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істейміз. Оқу орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізіп, лекция оқимыз. Құмар ойындарға тәуелді адамдардың туған-туысқандарына көмектесіп, лудоманиядан қай жерде, қалай емделуге болатынын түсіндіреміз, – деді қоғамдық қор төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *