Қалалық БАҚ-қа арналған брфингте Рудный қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ағатай Азамат Әміржанұлы Рудный қаласының әкімшілік аумағындағы өрт жағдайы мен шомылу кезеңінің өтуі туралы айтты.
«Ағымдағы жылдың басынан бастап Рудный қаласының әкімшілік аумағында 50 өрт тіркелді. Бұл сан 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% — ға аз болды (37 өрт). Алдын алу және бақылау бойынша тиімді шаралардың арқасында адам өлімінің статистикасын нөлдік деңгейде ұстап тұруға болады. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, қайтыс болған адамдар 2 болды, бұл 100% төмендеді. Сондай-ақ зардап шеккендердің саны 50% — ға азайды, бұл азаматтардың қауіпсіздігін сәтті қамтамасыз етуді көрсетеді», — деп атап өтті ТЖ басқармасының басшысы.
Халықтың қауіпсіздігін сақтау үшін белсенді үгіт-насихат жұмыстары жүргізілып жатқанын байқауға болады. Тұрғын үй секторларының ауласы аралау, жиындар өткізу, сондай-ақ нұсқама тарату және объектіні тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Азамат Әміржанұлының айтуыбойынша, халықты жадынамалармен, брошюралармен және парақшалармен кең қамтуда қала тұрғындарына негізгі қауіпсіздік шараларын тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.Осындай іс-шаралардың ірі — бірлескен өрт қауіпсіздігі айлығы. Айлық кезеңінде көшелерді, аулаларды айналып өту, көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістері мен жертөлелеріне шолу жұмыстары жүргізілуді. Халықпен кездесулер ұйымдастырылып, өрт сөндіру тақырыбында ақпараттық парақшалар, жадынамалар, брифингтер жүріп жатыр. Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының әкімшілгімен оқыту семинарлары және отырыстар жоспарланған.
«Рудный қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы жергілікті атқарушы органдардың және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп өрт қауіпсіздігі айлығы аясында қала тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыс жүргізуде. Бұл шараның мақсаты -жылыту маусымының өтуі кезінде өрттердің және өрт кезіндегі адам өлімінің алдын алу. Инспекторлық ұжым жеке сектор тұрғындары арасында жылыту маусымына дайындық бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, өрттің алдын алу шаралары, жылыту пештерінің, газ жабдықтары және электр жылыту құрылғыларының дұрыс жұмыс істемеу салдарынан өрттерді болдырмауды қадағалайды. Халықты ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту мақсатында дауыс зорайтқыштары бар өрт сөндіру жабдықтары пайдаланылады», — дейді Азамат Әміржанұлы.
Бұған қоса жаз мезгілінде жиі орын алатын қайғылы жағдайлардың көбі шомылу кезеңінде орын алады. 2023 жылғы шомылу кезеңі 1 маусымда басталып, 31 тамызда аяқталады. Шомылу маусымында арнайы белгіленген жерлерде ғана шомылу қажет, себебі қала аумағына кіретін Тобыл өзенінің басқа бөлігінде суға түсу өте қауіпті, сол себептен қатаң түрде тиым салынған. Басқарма қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен, сондай-ақ еріктілермен бірлесіп Рудный қаласының су айдынының іргелес аумақтарында тұрақты негізде рейдтік-алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Бірақ барлық күш-жігерге қарамастан, ағымдағы жылы су айдындарында 2 жазатайым оқиға тіркелді. Талдау көрсеткендей, барлық оқиғалар суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін бұзу яғни, мас күйінде шомылу, өз күштерін жете бағаламау, жабдықталмаған жерде шомылу салдарынан орын алған.
Президенттің жолдауын іске асыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аудара отырып, Рудный қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы су айдындарындағы өрт қауіпсіздігі және қауіпсіздік салаларындағы оң өзгерістерді көрсетті. Өрт пен адам өлімінің төмендеуі халықтың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне ықпал ететін кешенді алдын алу және үгіт шараларының маңызды зор.
Аякөз ҚОЖАБЕКОВА