Ел дамуының келешегін айқындайды
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев былтырғы жолдауында көптеген өзекті мәселелердің нақтылы шешу жолдарына тоқталып, жүйені жаңартып, түбегейлі қайта құрудың маңыздарын көрсеткен болатын.
Атап айтар болсақ, Президент лауазымының уақытын қысқарта отырып, Депутаттардың жауапкершілігін арттырып, өкілді билік тармақтарын қайта құру керек екендігін атап көрсетті. Еліміздің негізгі ырыс көздерінің бірі – «Ұлттық қордың» қаражатын тиімсіз жұмсау тоқтатылады деді. Жалпы бюджет саласына реформа жасалынып, шекті нормативтік нұсқасы бекітіліп, көрпемізге қарай көсіле білудің қажет екенін айтты.
Сонымен қатар айрықша айтылған ұсыныстардың ең маңыздыларының бірі – ол жыл бойы игерілмей қалған бюджет қаражатын келесі жылдың игілікті істеріне жұмсауына рұқсат беру керек деп көрсетті. Ел Президенті қордаланған қомақты істерді саралай келіп, Қаңтар оқиғасын еске сала отырып, ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құрудың да маңыздылығын атап көрсетті.
Қорыта айтқанда, осы айтылған өңірлік проблемаларды шешу барысында жаңа форматтағы істелінген жұмыстардың арқасында азаматтық ұстаным мен патриоттық сезім күшейіп ел экономикасы алға басуда. Елімізге ақ жол тілеймін!
Жаңбыршы Тілеуғабылов
Ақсақалдар кеңесінің төрағасы