«AMANAT» партиясы Рудный қалалық филиалы халық пен мемлекеттік билік арасында көпір ретінде бүгінгі күннің талабына сай өз жұмысын жалғастыруда. Партияның басты мақсаты – әрқашан халықтың игілігі жолында жұмыс атқару.
Жыл басталғалы бүгінгі күнге дейін партия филиалы ауқымды жұмыстар атқарып, тұрғындардың талап-тілектерін басты назарда ұстап келеді. Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа саяси реформалар жариялады. Әділетті қоғам қалыптастыруда «Жаңа Қазақстан» идеясы өмірге келді. Ұйым жаңа ірі партиялық жобаларды қолға алды. Ең алдымен, бұл өзгерістер отандастарымыздың тұрмыс жағдайының, елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің шешілуіне ықпал етуі қажет екені сөзсіз. Оған дәлел, қаладағы жол жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру мақсатында жүргізіліп жатқан партиялық бақылау жұмыстары. Өткен аптада «AMANAT» фракциясының депутаттары Парковая көшесінде жол жұмыстарының сапасын партиялық бақылау комиссиясын өткізді. Депутаттар өз өкілеттіктері шеңберінде жағдайды жақсарту және жол инфрақұрылымының сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдады. Қалалық мәслихат төрағасы Азамат Ысқақов комиссия жұмысы жайында тоқталып өтті.
– Мамыр айынан бастап қалада автомобиль жолдарындағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары басталды. Бұл күндері Парковая көшесінде қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Парковая көшесі бұл қаланың басты жолдарының бірі. Бұл, ең алдымен Гагарин, Горняков және Ленин көшелері маңындағы «Рудный жылу желілері» ЖШС-нің жоспарлы жұмыстарының жабу бойынша жұмыс жоспарларымен байланысты. Біздің мердігерлеріміздің алдына жеделдетілген қарқынмен жол төсеу жұмыстарынан өту және өткізу міндеті қойылды. Бұл жерде біздің көлік жүргізушілеріне жүгінгім келеді, жұмыстарды жүргізу үдерісіне кедергі келтірмеулерін сұраймыз. Біз көбінесе көліктердің жаңадан төселген асфальттан өтіп бара жатқанын жағдайларды көрдік. Бұл жол сапасына тікелей әсер етеді.
Азамат Қуандықұлы Парковая көшесін кеңейту жоспарлары туралы да атап өтті. Парковая көшесін 14 метрге кеңейту үшін шіркеу аймағындағы көпірге техникалық тексеру жүргізу қажет. Төрт жолақты қозғалыс жоспарланған. Ленин көшесін 15 метрге кеңейту және қосымша тұрақ жасалынады. Бұл ретте, жөндеу жұмысын жолдың құрылыс нормаларына, бекітілген жобаға сәйкес жүргізілуін және техникалық сақтық шараларын толыққанды орындауды партия қадағалайтынын баса айтты.
– Иә, мұндай жоспарлар бар. Жобалық құжаттама дайындалуда. Ол қазірдің өзінде мемлекеттік сараптамадан негіздеме алу сатысында. Алайда, мұнда таңдау керек. Себебі, осы жобалық құжаттамасымен бір мезгілде Ленин көшесін кеңейту бойынша жобалық-ақпараттандыру құжаттамасы дайындалуда. Мұнда біз қай көшеде бірінші күрделі жөндеу жүргізетінімізді таңдауымыз керек, өйткені бұл біздің қаламыздың негізгі бөліктерін байланыстыратын екі көше,- деп жауапты медігерлерге бірқатар ескерту жасап, сапасын бақылауды партия өкілдеріне тапсырды.
Биыл жол жөндеу жұмыстарына 1,3 миллиард теңге жұмсалады. Бұл ақшаға 17 шақырымнан астам орташа жөндеумен және 30 мың шаршы метр автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеумен қамтуға болады. Бірақ бұл жеткіліксіз, өйткені Рудныйдағы жолдардың жалпы ұзындығына (292 километр) және орташа жөндеу нормативтеріне (бес жылда бір рет) сүйене отырып, жыл сайын жалпы ұзындықтың 20 пайызын немесе 58 километрді жөндеу қажет. Сондықтан өткен жылдың қараша айында 1,2 миллион теңгеге асфальт көрмеген қаланың 39 көшесі мен тұйық көшелерін орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірленді. Сегіз жоба бойынша (25 көше) 477 миллион теңгеге оң сараптама алынды. Жалпы ағымдағы жөндеу бойынша техникалық сипаттама қарапайым. Бұл қалыңдығы шамамен 5 сантиметр болатын жол төсемін алып тастау, содан кейін битум төсеу және соңында ыстық асфальт төсеу. Негізгі мердігер – «Рахат-2018» ЖШС. Оның ішінде жоспарға жол төсемін ағымдағы жөндеу енгізілген. Жұмыс барысы жайында ұйым директоры Сергей Бейферт атап өтті.
– Қалада жол жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі 30 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде Парковая көшесі де бар, онда шамамен 3 мың шаршы метр жөндеу жұмыстары жүргізілген. Көше бойындағы асфальт жабындысын фрезерлеу жұмыстары жүргізілуде. Фрезерлеу шағын және орташа екі кескішпен жүзеге асырылады. Фрезерлеу тереңдігі 5 см-ге дейін. Асфальт шеттерін алдын ала кесу арқылы, шұңқырға геометриялық қалыпты пішіндерді берумен, жөнделген жерді қоқыстан, шаңнан, кірден тазартумен және жол тораптарын алдын ала сұйық битуммен өңдеп 120° с температурадан төмендетпей төселеді. Домалау салмағы 8 тонна болатын орташа өлшемді өздігінен жүретін статикалық бір барабанды роликтерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қолданылатын материалдардың сәйкестік сертификаттары бар. Шұңқырларды жөндеуге қажетті барлық стандарттар сақталған. Негізгі жөндеу жұмыстары жасалатын аумақтарды бірінші дайындаймыз. Содан кейін жоспарлы жұмыстар жалғасады. Барлық техника жарамды. Бұл төсеніштер, роликтер және кескіштер. Қысқа мерзімде аяқтауды жоспарлаудамыз, — дейді «Рахат-2018» ЖШС басшысы өз сөзінде.
Жұмыс барысын техникалық қадағалау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, сондай-ақ «AMANAT» партиясының партиялық бақылауы қала жұртшылығымен бірлесіп бақылайды. Сонымен қатар, мердігер 1 жылға кепілдік береді. Кемшіліктер немесе ақаулар анықталған жағдайда мердігер есебінен оларды жою жұмыстары жүргізіледі.
Гүлім МҰРАТ