«Рудный жылу желілері» ЖШС басшылығы жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстары туралы хабарлады
Өткен аптада қала әкімі Виктор Ионенконың тұрғындармен кездесуі өтті, онда «Рудный жылу желілері» ЖШС директоры Олег Абылкаиров жылу жүйелерін ауыстыру процесінің қандай кезеңде екенін баяндады.
– 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысында «Рудный жылу желілері» ЖШС магистральды және таратушы жылу жүйелерін жөндеу және қайта құру жұмыстарын, сондай-ақ төтенше жағдай режимі аясында апатты-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Тариф бойынша қаражат есебінен өз күшімен 2,5 км желілерді жөндеуге 179,381 миллион теңге жұмсалды, ал бюджет қаражаты есебінен мердігерлік ұйымдармен 10,694 км желілерді жөндеу, су айдау станцияларын қайта құруға 7,747,446 миллион теңге жұмсалды. Барлығы 2023 жылы Рудный қаласында 13,194 км желі жөнделді. Өткен жылы жылу жүйелері мен жабдықтарын жөндеуге жұмсалған шығындар 7,943,387 миллион теңгені құрады, – деді Олег Абылкаиров.
Желілердің тозуы осы жылдың 1 қаңтарына: магистральды желілер – 40,3 пайыз, квартал ішілік желілер – 71,9 пайыз. Желілердің жалпы тозуы 66,1 пайызды құрады.
2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық 18,567 км желілерді 10,607 миллион теңгеге жөндеу жоспарлануда, оның ішінде:
- «Мелиоратор» ЖШС, Рудный қаласы және Горняцкий ауылында жылу жүйелерін (квартал ішілік және магистральды) қайта құру, 1 учаске ПК №1 (жүзеге асыру мерзімі 2023-2024 жылдар) – 2,744 км 2,580,819 миллион теңгеге.
- «АП ИМПЕКС» ЖШС, Рудный және Горняцкий ауылында жылу жүйелерін (квартал ішілік және магистральды) қайта құру, 1 учаске ПК №2 (жүзеге асыру мерзімі 2023-2024 жылдар) – 2,272 км 3,801,882 миллион теңгеге.
- Рудный қаласы және Горняцкий ауылында жылу жүйелерін (квартал ішілік және магистральды) қайта құру. Рудный қаласының квартал ішілік жылу жүйелерін қайта құру (жүзеге асыру мерзімі 2024-2025 жылдар) – 4,638 км желілер 1,357,622 миллион теңгеге.
- Рудный қаласы және Горняцкий ауылында жылу жүйелерін (квартал ішілік және магистральды) қайта құру. Рудный қаласы және Горняцкий қалаларының квартал ішілік жылу жүйелерін қайта құру (жүзеге асыру мерзімі 2024-2025 жылдар) – 4,343 км желілер 1,208,730 миллион теңгеге.
- Жеке сектордың тарату желілерін ағымдағы жөндеу 2024 жылға – 3,27 км желілер 245,447 миллион теңгеге.
- Магистральдық желілерді күрделі жөндеу (тариф есебінен) – 1,3 км 505 миллион теңгеге.
– 2024-2025 жылдардағы жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қаланың жылу желілерінің күтілетін тозуы: магистральды – 31,4 пайыз, квартал ішілік – 65,8 пайыз, жалпы тозу – 59,1 пайыз болады, – деп атап өтті Олег Абылкаиров.
Содан кейін «Рудный жылу желілері» ЖШС басшысы орындалған жұмыстар көлеміне тоқталды.
– Тариф бойынша қаражат есебінен Дзержинский көшесі бойынша магистральдық желінің күрделі жөндеуі (0,315 км) жүргізілді, квартал ішілік желілердің 2,144 км жөндеу жұмыстары 49 пайызға орындалды. Қазанның 40 жылдығы көшесінде магистральдық құбырды күрделі жөндеу жұмыстары басталды, – деп хабарлады Олег Абылкаиров. – Бюджет қаражаты есебінен «Мелиоратор» ЖШС Топорков, Марите, Молодая Гвардия көшелеріндегі бес учаскеде жұмыстар жүргізуде. Құбырларды, темірбетон бұйымдарын (лотоктар, құрылыс конструкциялары) бөлшектеу жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Жер қазу жұмыстары, темірбетон бұйымдарын монтаждау (құбырларды монтаждау арналары, қозғалмайтын тіректер), құбырларды монтаждау жұмыстары жалғасуда. Мердігер материалдармен 97 пайызға қамтамасыз етілген. «АП-Импекс» ЖШС Корчагин, 50 лет Октября, Ленин көшелеріндегі бес учаскеде жұмыстар жүргізуде. Құбырларды, темірбетон бұйымдарын бөлшектеу жұмыстары 95 пайызға аяқталды. Жер қазу жұмыстары, темірбетон бұйымдарын монтаждау, құбырларды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым материалдармен 95 пайызға қамтамасыз етілген.
Олег Абылкаиров мердігерлік ұйымдардың 2023 жылы жұмыстар жүргізілген учаскелерде асфальт жабынын, жаяу жүргінші жолдары мен жиектас қаптамаларын қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.
– «Казтеплосервис-2010» ЖШС (жеке сектордың жылу жүйелерін жөндеу) Рудный қаласының 4-ші шағын ауданында жұмыстар жүргізуде. Құбырлардың 1,063 км (29 пайыз) монтаждалды. Материалдармен 100 пайыз қамтамасыз етілген, – деп түсіндірді Олег Абылкаиров.
Рудный қаласы және Қашар ауылының тұтынушыларын жылу энергиясымен қамтамасыз ету қызметтерін көрсету және Жылантас станциясы тұтынушыларын өндіру, тарату және жылу энергиясымен қамтамасыз ету қызметтерін көрсету үшін «Рудный жылу желілері» ЖШС балансында:
- 182,85 км жылу желілері бар, соның ішінде:
— магистральды 36,60 км,
— квартал ішілік 146,25 км.
- Су айдау станциялары – төрт бірлік.
- Қазандық (Жылантас станциясы), қазандық қуаты – 4,23 Гкал/сағ, қазандық саны – төрт, отын – табиғи газ.
Гүлім МҰРАТ,
суретті түсірген Алексей ФРОЛОВ