Зейнеткерлерді не күтіп тұр?

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылды. Осы орайда мемлекет тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатқанын қарастырып көрдік.

2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын жоспар бойынша арттыруды 61 жас деңгейінде 5 жылға дейін тоқтата тұруға қатысты тоқталсақ.

Бұл шара коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсер еткенін ескере отырып қабылданды.

Сондықтан алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

 Мен өз басым зейнетақы жүйесіндегі өзгерісті оң қабылдаймын. Мемлекет мейлінше зейнеткерлердің жағдайын жасап, қартайған шағында бейнетінің зейнетін көруге жақсы іс-шаралар қабылдап жатыр. Әрине кез келген жүйені кемшіліксіз деп айта алмаймын. Әсіресе, миллиондаған халықтың қорындағы қаржыны тиімді пайдаланып, инвестициялық табысын жақсарту мәселесі көңіл көншітпейді, – дейді зейнеткер қала тұрғыны Сайдулла Доспанұлы.

Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құруға, сондай-ақ кеңейтуге ерекше назар аударылмақ.

 Сонымен қатар базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін арттырылады. Базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрап, барлық 2 млн. зейнеткерді қамтиды.

Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға өсіруге (3 жыл ішінде – 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін) және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді, – дейді Рудныйдағы зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың мамандары.

Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдайды.

Айзат ИБРАГИМ

газета «Рудненский рабочий»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *