Кент келбетін көркейту – басты назарда

Рудный қаласы әкімдігінің «Горняцк кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кент әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Горняцк кентінің халқы – 1348 адам, Перцевка селосының халқы-556 адам. Экономикалық белсенді халықтың жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 94% құрайды. Жалпы Горняцк кентімен, Перцевка ауылының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жайында «Елге қызмет» бағдарламасында Әбілов Зейнелгабиден Амангелдіұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.

– Қайырлы күн, Зейнелғабиден Амангелдіұлы! Биылғы жылы атқарылып жатқан іргелі істерге тоқталып өтсеңіз.

– Қайырлы күн! Жыл сайын кентті абаттандыруда жоспарлы шаралар атқарылып келеді. Осындай жүйелі жұмыстар арқасында кент күн санап көркейе түсуде. Атап айтсақ, қазіргі таңда жолдарды жөндеу және жаяу жүргінші жолдарын салу, жарықтандыру мәселесін басты назарда ұстап отырмыз.

– Жалпы әкім аппараты мемлекеттік мекемесі халық үшін қандай мемлекеттік қызмет түрлерін жүзеге асырады?

– Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша 5өтініш, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша — 4 және елді мекендер шегінде обьекті салу үшін жер учаскелерін беру өызметә бойынша 1 өтініш қарастырылды. Сонымен қатар, жер учаскесін алу үшін кезекке қою қызметтерін жүзеге асырамыз.

– Толығырақ елдің экономикалық өсу деңгейі айтсақ. Ағымдағы жылы қалалық бюджеттен 80 млн. 564 мың теңге бөлінген екен, толығырақ айтып өтсеңіз.

– Бюджет бойынша тоқталсам, «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»  бағдарламасы бойынша 47 млн. 56 мың теңге, «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»  бағдарламасы бойынша Горняцк кенті мен Перцев ауылындағы көшелерді жарықтандыруға және техникалық қызмет көрсетуге 2 млн. 349 теңге, «Елді мекендердің санитариясы» бағдарламасы бойынша Горняцк кенті контейнерлік тұрақтарын орнатуға 2 млн. 917 мың теңге, «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 6 млн. 248 мың теңге сомасында: Горняцк кенті мен Перцев ауылындағы рұқсат етілмеген қоқыстарды жоюға — 5 млн. 083 мың теңге, ағаштарды шабуға-1 млн. 165 мың теңге, «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Горняцк кенті мен Перцев ауылының жолдарын жазғы және қысқы тазалауға 7 млн. 259 мың теңге сомасында. «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша көлік құралын сатып алуға 11 млн. 690 мың теңге сомасында; «Аудандық маңызы бар қалаларда,ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша 700 мың теңге бөлінді.

– Кент тазалығы басты назарда болуы тиіс. Осыған орай қандай шаралар атқарылып жатыр?

– 2023 жылдың сәуір айында Горняцк кентінде және Перцевка ауылында «Инвестстрой 2021» ЖШС рұқсат етілмеген қоқысты шығару бойынша жұмыс жүргізілді. «Перцев М.Ю»ЖК-мен қоқыс жәшіктерін орналастыра отырып, контейнерлік алаңды орнатуға шарт жасалды. «SgW ABROI» ЖШС-мен Горняцк кентінде және Перцев ауылында рұқсат етілмеген қоқысты жоюға шарт жасалды. Сонымен қатар, қазір негізгі қоқыс шығару жұмыстарымен «L-Trading» ЖШС-ге қызмет көрсетеді. Тазалық – тәртіптен басталады. Ең әуелі қоқыс тастау мәдениетін қалыптастырмай жұмыс өнбейді. Тұрғындармен күнделікті негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «ЛАДА» пәтер иелерінің тұтыну кооперативі де тұрғынарымен белсенді қызмет атқарады.

– Кент ішінде жол салынбаған, салынған күнде жөндеуді қажет ететін ойдым-қырдым жолдар бар. Бұл мәселе әлеуметтік желілерде де жиі айтылып жүр. Биылғы жоспарға қанша көше ілінді?

– «Аудандық маңызы бар қалаларда,ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша Горняцк кентіндегі 5 көшеде автомобиль жолдарын орташа жөндеуге техникалық сметалық құжаттаманы әзірлеуге 700 мың теңге бөлінді.Алдағы жылы құрылыс жұмыстары басталады.

– Рудный қаласымен автобус қатынасы қалай ұйымдастырылған?

– Перцев ауылының тұрғындары қалаға күніне 5 рет, ал Горняцк ауылының тұрғындары сағат сайын таңғы 7-ден кешкі 19-ға дейін баруға мүмкіндік бар.

– Алдағы жылу маусымына дайындықтарыңыз қалай?

– Өткен жылы ұзындығы 2,2535 км Горняцк кентінде жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын жүргізілді. 2024 жылдың 1 мамырынан бастап «Рудный жылу желісі» ЖШС Горняцк кентінде жылу желілерін қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін жобалық-сметалық құжаттама жасалып, Горняцк кентінің аулаішілік жолдарын жөндеуге бюджеттік өтінім берілетін болады.

– Байланыс желісі туралы не айтасыз?

– Горняцк кенті мен Перцев ауылының тұрғындарын «Қазақтелеком» АҚ телефон байланысымен қамтамасыз етеді. Горняцк кентінде 227 жеке үй және 170 пәтер күрделі үйлерде, оның ішінде 212 абоненттің телефон байланысы бар. Кент тұрғындары Еуразия стар интернет қызметін пайдаланады.Перцев ауылында 151 үй бар, оның 135-і телефон байланысы бар. Перцев ауылының тұрғындары Мегалайн интернет
қызметін пайдаланады. «Кар-Тел» ЖШС Горняцк кентінде ұялы байланыс станциясының жабдықтарына биік тірек салды. «Кар-Тел» ЖШС Перцев ауылындағы ұялы байланыс станциясының жабдықтарына биік тірек салу үшін жер учаскесі, ресімдеу сатысындағы құжаттар бөлінді.

– Сонымен қатар, көше жарығы өзекті мәселелердің бірі болып тұр.  Көше жарықтандыру желілеріне қызмет көрсету бойынша жасалған қызметтерді атап өтсеңіз. Биылғы жоспарға көше жарығы енді ме?

– 2023 жылы Горняцк кентінде және Перцев ауылында көшелерді жарықтандыруға техникалық қызмет көрсетуге 2 млн.349 мың теңге сомасы бөлінді.  Горняцк кентінде 30 дана көше жарықтандыру шамдарын ауыстырды.

– Уақыт бөліп, ашық әңгіме өрбіткеніңізге рақмет!

– Рахмет, халықтың әл-ауқатын көтеру – біздің негізгі міндетіміз. Жоғарыда айтқанымдай, алға қойған міндеттер мен жоспарлар жетерлік. Енді осы бағыттағы жұмыстарды сапалы және уақытында жүзеге асыру үшін бар күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізді жұмсайтын боламыз. Жетістікке жету үшін ең бірінші әр саланың, әр маманның, қоғамның қолдауы аса маңызды. Сондықтан біз бұл межелеген міндеттерді орындау үшін елмен бірге еңбек етеміз, қоғаммен кеңесіп әрекет қыламыз.

Аякөз ҚОЖАБЕКОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *