Кешегі азалы күндерді қалай ұмытарсың?

Қазақстанымыздың бейбіт аспанын қара бұлт торлап, елімізге іріткі салып, сатқындық жасалған кешегі азалы күндерді қалай ұмытарсың?

Міне, қасіретті қаңтар оқиғасына бір жыл. Қолдан жасалған қымбатшылыққа қарсы Жаңаөзен мен Ақтауда бастаған бейбіт наразылық шеруін өкінішке қарай әділ талапты, арам пиғылды опасыз топтар өздерінің теріс мақсаттарына пайдаланды. Әсем қала Алматының аспаны мұнар басып, отқа оранды. Осындай күрмеуі қиын сын сәтте Қ.К.Тоқаев батылдық танытып, ел болашағы үшін дұрыс шешім қабылдап, тығырықтан алып шықты. Қаншама боздақтар қыршын болды. Ақ ниетті арамдаған арамзалар не тапты? Тас түйін жұмылудың арқасында елдігіміз бен бірлігімізді сақтап қала алдық. Мемлекет басшысының бағытталған тапсырмалары елімізде қалыпты, бейбіт өмірді қамтамасыз етуге жұмылдыруға қатысты алда жұмыстар тұр. Ішімізде дау көбейсе, сыртымызда жау көбейеді. Біздің күшіміз бірлікте екенін осының айғағы. Өз халқын қосыла талаған тасжүрек, тасбауырлар қадірімізді қашырды емес пе?

Ұлт тағ­дыры, ұрпақ болашағы тал­қығ­а түскен тарихи сәтте бейбіт халқы­мыз­дың бай­сал­дылығы, ел басшылығының батыл қа­дамдары елдікті сақтап, мемлеке­тімізді тұрақты қалыпқа қайтарды. Бұл сындарлы шақтан сабақ алу және оның қайталануына жол бермеу үшін қажет. Дәл осы күні шерулер бейбіт сипаттан арылып, бү­лікке ұласты. Алайда арандатушылар парасатқа, ақылға шақыр­ған аталы сөзге тоқтамайтынын анық аңғартты. 2022 жыл тарих қойнауына қаралы қаңтар оқиғасымен қалды. Бұл бізге қайта қалыптасудың, ұлт болып қайта ұйысудың қастерлі межесін көрсетіп берді.

Түйгеніміз санамызды сілкінтіп, береке-бірлігіміздің қадірін түйсіндік. Қоғамдағы белең алар үлкен өзгерістер төгілген қан арқылы келетінін тарихтан білуші едік. Қазақ еліме осы жол үлкен сабақ болды. Өйткені қаң­тар қырғыны бізге тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбіт өмірдің қадірін түсіндіріп берді. Сын сағатта ең қастерліміз– тәуел­сіздігіміз таласқа түсті.

Қаңтар трагедиясы кезінде алаңға шыққандардың арасында әртүрлі топ болды.

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 238 адам қаза тапты, 3 мыңнан астам адам түрлі дене жарақатын алды. Шын мәнінде жылдар бойы қордаланған әлеуметтік-тұрмыстық мәселе және жұмысссыздық шешілмеді. Жалақы мардымсыз, отбасын асырауға әрең жетіп, күнделікті күнкөріс қиындады. Жұмыс іздер үлкен қалаларға ағылған халық, баспана мәселесі тіпті шарықтап кетті.Жастар қоғамнан сырт қалды. Расын айтқанда өз елінде өгейсіді. Барлық құндылықты ақшамен ғана өлшеу деген қоғамда түсінік қалыптасты. Осындай себептерден қоғамға, үкіметке деген наразылық күшейе түсті, асқынғаны сондай морт сынды. Қордаланған әлеуметтік мәселе үлкен дүрбелеңге ұласқанын көрдік, сезіндік, сабақ алдық. Еліміздегі ең бастық байлық-адам. Жазықсыз жандар құрбан болды. Өртке оранған қала, тоналған ел, тар қамасқа қамалғандар,тағдыр тәлкегі, азаттық жолындағы ақшейіттер. Қоғамдық-саяси, әлеуметтік кеңістігімізде көптеген мәселені қайта қарауға түрткі болды. Әсіресе құқықтық салада. Қанды қаңтар оқиғасынан кейін елімізде күрделі саяси реформа жүргізіле бастады.

Үкімет өзгерді. Кінәлі кісілер ар азабын тартып, жауапқа тартылып жатыр. Ел тұтқасы жастардың қолында. Ендеше, оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсету, тәрбиелеу, саяси сауаттылығына, білімділігіне, ізгілік, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіртуге жұмыс жасау керекпіз. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Қазақстан халқына» қорын ашуы бұрын соңды болмаған үлкен жаңалық. Іштегі дау өршісе, сырттағы жау алмай қоймас. Бастысы жұрт іргесі сөгілмесін. Ізгі бастамалар, руханиятсыз алдыға жылу жоқ екеніне көзіміз жетті. Тарихи тұғыры тұрақты ұлт өркениетінің тасы үнемі өрге домалайды. Сондықтан да мемлекетіміздің тұтастығы, елдің бірлігі бәрінен де қымбат. Тәуелсіздігіміз әрдайым баянды болып, ғұмыры шектеусіз, тұғыры биік, Мәңгілік елге айнала берейік дегім келеді!

Қымбат БІРМАНОВА,

Рудный қалалық

мәслихатының депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *