Қала әкімдігінде мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен кезекті кеңейтілген отырыс өтті. Күн тәртібіндегі өзекті мәселе — өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
Өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға қолдау көрсету құралдарының бірі — оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады. Қалада барлығы 6 мекеме жұмыс істеуде. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы 1 наурыздағы жағдай бойынша қызметпен қамту 1674 адамды құраса, оның 800-ден астамы мүгедектер, соның ішінде 117 балалар деп мәлімдеді.
«Мерей» орталығында жүйке-психикалық аурулары бар балалар мен мүгедектерге арналған күндізгі бөлімшелер, сондай-ақ жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған үйде күтім жасау бөлімшелері бар. Аталған орталықпен барлығы 555 адам қамтылған. Күндізгі емдеу бөлімінде қамқорлыққа алынғандар мен олардың заңды өкілдері үшін Орталыққа және үйлеріне тегін тасымалдау ұйымдастырылған. Тәулігіне 8 сағат, 4 мезгіл ыстық тамақ дайындайтын қоғамдық тамақтану бөлімшесі жұмыс істейді»,- деді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Елена Скаредина.
Сондай-ақ, басшының айтуынша, «Мерей» орталығы ойын және жатын бөлмелері, физиотерапия және музыка кабинеттері, сенсорлық және спорт залы, асханамен жабдықталған. Мұнда дефектологтар мен психологтар, логопедтер, физиотерапия нұсқаушылары сабақ береді. Күн сайын орталыққа 68 мүмкіндігі шектеулі бала және 18 жастан асқан 14 мүгедек келеді.
«Қайта әлеуметтендіру орталығында: уақытша болу, түнеу бөлімшесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған бөлім жұмыс істейді. Қамту 183 адамды құрайды. 10 уақытша болу бөлімшесінде қызмет алушылар 1 жылға дейін, ал тұрмыстық зорлық — зомбылық құрбандарына арналған бөлімшеде 6 айға дейін тұра алады. Тұрғындар бірінші кезекте қажетті заттармен, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу арқылы 3 рет ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. 2023 жылдан бастап Орталық ас блогы үшін үй-жай сатып алынды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жабдық сатып алынуда және ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қызмет алушыларды ас блогы арқылы ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарда бар», – деді Елена Скаредина.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеу бөлімінде әр отбасында ванна бөлмесі, балаларға арналған ойын және тамақтану бөлмесі бар жеке бөлмелер жабдықталған. Сондай-ақ, төсек-орын беріліп, түнеу ұйымдастырылған. тағы бір айта кететән жәйт, орталық қажет болған жағдайда құжаттандыруға, туыстық байланыстарды қалпына келтіруге, жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді.
«2023 жылдың қаңтарынан бастап Рудный қаласында Отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Мұнда өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға 6 айға дейін уақытша тұру мүмкіндігімен әлеуметтік қызметтер көрсетіледі және қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Орталық психологтар, заңгерлер тобын құруды және мемлекеттік органдармен тығыз байланыста отбасылардың әлеуметтік мәртебесін және одан әрі тәуелсіз лайықты өмір сүру мүмкіндігін қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуді жоспарлап отыр. Белсенді ұзақ өмір сүру, өз кезегінде, зейнеткерлердің қоғамдық пайдалы мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Бұл негізінен спорттық және мәдени шаралар»,— деді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мекемелермен қатар арнаулы әлеуметтік қызметтер 63 қызмет алушы қызмет көрсететін «Бақыт бізде» қоғамдық қоры арқылы да көрсетіледі. Баяндамашыны тыңдаған қала басшысы Виктор Ионенко бірқатар тапсырмалар берді. Ескере кететін жәйт, өмірлік қиын жағдайдағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жұмыстары тұрақты бақылауда. Десе де, атқарылған іс көп, атқарылар іс те жетерлік.
Зерде Жеңіс