Өз ісін дамытуға гранттарды Әсел Қосмұхамбетова «Балаларды дамыту студиясы» жобасымен, Луиза Регер – «Ұзартылған күн балалар студиясы» , Оксана Юсупова – «Берекелі ас» орталығының жұмысын ұйымдастыру», Әсемнұр Исаева – «Мұздатылған жартылай фабрикаттар», Маржан Сүндетбаева – «Аспаздық өнім өндірісі», Ақтоты Карлова – «Лазерлік кесу технологиясымен «Ата — бабалар отбасының шежіресі» мамандықты ұйымдастыру, Перизат Әбикен – «Ева төсеніштер өндірісі», Ғазиза Құрманбаева – «Ұлттық киім, сән үйі».
Естеріңізге сала кетейік, грант қаражаты халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өз бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өздерін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сома өтеусіз негізде беріледі, оның мөлшері 400 АЕК (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы грантты тек бір рет ала алады. 2024 жылы Рудныйға барлығы 17 грант бөлінді.