Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл

Биыл, 14 тамызда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті біртұтас мемлекеттік орган – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне біріктірілгеніне 10 жыл толды.

Екі ірі мемлекеттік органның бірігуі кедендік іс саласында бақылау функцияларын жүзеге асыру, салықтар, кедендік және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық әрі уақытылы түсуін қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының, кейбір мұнай өнімдері мен биожанармайлардың өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, сондай-ақ оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау функцияларын күшейтіп, кеңейтуге ықпал етті.

10 жыл ішінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бюджетке екі триллион теңгеден астам кіріс қамтамасыз етті. Осы уақыт ішінде облыс кірісі 4,2 есеге немесе 204 миллиард теңгеге өсті.

Мемлекеттік кірістер органдары салық саясатын және кеден саласындағы саясатты іске асыруға қатысады, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға, Кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың қозғалысына, оларды кедендік бақылауда бірыңғай кедендік аумақ бойынша тасымалдауға, уақытша сақтауға, кедендік ресімдеуге, шығаруға және кедендік рәсімдерге сәйкес пайдалануға қатысты қатынастарға қатысады.

– Құрметті әріптестер, кәсіби мерекелеріңізбен, Мемлекеттік кірістер күнімен құттықтаймын! ҚР Президентінің Жарлығымен Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстармен күрес агенттігі жойылып, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу функциялары Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне берілді. Бүгінде мемлекеттік кірістердің тиімділігіне көп нәрсе байланысты. Алдымызға нақты міндеттер қойылды. Алдағы жылдары оларды қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін барынша тиімді шешу қажет. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің кәсібилігі мен құзыреттілігі, жұмыс әдістерінің жаңа түрлерін енгізу қоғамның бізге қойылған мақсаттары мен міндеттерін түсінуіне байланысты, – деді құттықтау сөзінде Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Базарбай Шуинов. – Сіздер әрқашан мемлекеттік қызметшілерден кәсіпқойлықты, жоғары моральдық деңгейді, патриотизмді және, әрине, заңдылықты сақтау күтетінін есте сақтауларыңыз керек. Әр жыл сайын кәсіби мерекелеріңізді тойлаған кезде, қойылған міндеттерді орындағандарыңызға мақтанышпен айта алатын боласыздар. Қала өзінің дамуының тағы бір сатысына көтерілді. Сіздерге еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Әрі қарайғы жетістіктерге, шығармашылық жұмысқа, достық қолдау мен жеке бақытыңызға тілек білдіремін. Жақын адамдарыңыз әрқашан жаныңызда болсын. Бақытты әрі деніңіз сау болсын!

Одан кейін Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күніне арналған мерейтойлық медальдармен Салық төлеушілермен жұмыс бөлімі бастығының мамандары Гүлжан Ахметжанова және Ануарбек Ахметов, сондай-ақ Салықтық бақылау бөлімінің маманы Мирасбек Мизанов және Есепке алу, талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы Камшат Наурузова марапатталды.

Мемлекеттік қызметтің артықшылығы ретінде тұрақтылықты, ертеңгі күнге сенімділікті және патриотизмді айтуға болады. Кәсіби тәжірибесі бар және өз жұмысына ынтасы барлар салық қызметінің үздігі атағына үміт артуда.

Камшат Наурузова мемлекеттік кірістер органдарында 2009 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді. Ведущий маман болып келіп, қазіргі уақытта есепке алу, талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы. Бұл лауазымда 13 жылдан астам уақыт болды. Оның қоржынында Мемлекеттік кірістер басқармасы мен департаментінің, Рудный әкімі құрмет грамоталары бар. 2021 жылы ҚР Қаржы министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. Енді алғашқы медальге де ие болды.

– Бұл медаль сенім береді, басшылықтың сені қажетті, маңызды маман деп санайтынын көрсетеді, – деп атап өтті Камшат Наурузова. – Ол сенің мәртебеңді растайды, жұмыс барысында мазасызданып, уайымдауыңның бекер еместігін білдіреді. Қазіргі таңда менің қарамағымда бес адам жұмыс істейді. Бөлім жеке шоттарды жүргізу, артық төленген сомаларды қайтару және есептеу жұмыстарымен айналысады. Менің бөлігім қала, облыс, республика бюджетінің кіріс бөлігін орындау – ең бастысы деп санаймын. Мен Рудный, Қостанай облысы және республиканың барлық қаражаттарының бюджетке түсуін қадағалаймын. Біздің бөлім ұйымдастырушылық сәттерді де бақылайды. Бала кезден математика мен талдау жұмыстарын ұнаттым. Қазіргі уақытта менің жұмысым кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдаудан тұрады. Кейбіреулерге бұл қиын болып көрінсе, маған қызықты. Өйткені, кәсіпорынның немен айналысатынын, қандай табысқа қол жеткізетінін, қай бағытта дамитынын және оның болашағын білуге болады. Мұның бәрі есептеліп, алдағы үш жылға орындалатын болжамды бюджет қалыптастырылады. Бұл өте қызықты, көлемді жұмыс.

Камшат Наурузованың айтуынша, негізгі мәселе – білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Алайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызыл дипломмен бітірген, грант негізінде оқыған, GPA орташа балы 3,3 пайызды құрайтын жас мамандарға арналған жаңа жоба әзірледі. Бұл мемлекеттік қызметке тестілеусіз орналасуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің еңбегі қала мен елдің әл-ауқатында байқалады. Олар мемлекеттің қазынасын толтырып, оның қаражаты жаңа жобаларды жүзеге асыруға, әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталады.

Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенконың атынан құқықтық жұмыс және өндіріп алу бөлімінің басшысы Қанат Шайкемелов, салықтық бақылау бөлімінің бас маманы Жаңыл Жандырова және салықтық бақылау бөлімінің бас маманы Кирилл Кормишин құрмет грамоталарымен марапатталды.

– Мен осы жүйеде 2014 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеймін, және биыл мемлекеттік кірістер органдарының құрылуының алғашқы мерейтойын атап өтуіме мүмкіндік туды, – дейді Қанат Шайкемелов. – Бала кезімнен мемлекетке қызмет етіп, қоғамға пайда әкелуді армандадым. Осы қызметке орналасып, қоғамға қызмет етудің сәті түсті. Біздің бөлім заңгерлік жұмыс, салықтық берешекті өндіріп алу, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан әлеуметтік төлемдерді алу жұмыстарымен айналысады. Бөлімде басшы және төрт маман жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Базарбай Шүйіновтың атынан құқықтық емес төлемдер бөлімі басшысы Ербол Жақсыбаев, салықтық бақылау бөлімінің басшысы Лаура Хасенова және салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы Салтанат Абдикова марапатталды.

Дарья ТИХОНОВА, 

суретті түсірген Алексей ФРОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *