Мерекелік жәрмеңке

Республика күні қарсаныңда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Өткен сенбіде «Орталық» ашық базардың аумағында дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Сағат 9:00-де ашылған жәрмеңкеге Рудный мен Қостанайдан ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер, сондай-ақ облыс кәсіпкерлері жиналды.

Сатушылардың көбісі бұл шараға алдын-ала дайындалып, ертерек келді. Жәрмеңке ашылғаннан кейін адамдар бірден шатырлар мен стендтерге барды. Мұнда ет, тауық, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері, бал, көкөністер және басқа да көптеген өнімдерді сатып алуға мүмкіндік болды.

Сатушы Исраил Байрамов, Бейімбет Майлин ауданынан үй құстарын алып келді.

– Егер жәрмеңке болмаса, келмес едім, – деді ол. – Рудныйдағы жәрмеңкеге алғаш рет қатысып отырмын. Өткен жексенбіде болғанымда, жәрмеңке туралы естідім. Әдетте көп адам келеді дейді. Адамдар жәрмеңке сенбі күні өтетініне үйреніп алған. Бүгін жұма, адамдар аз. Мен әкелген он үйрек пен тауық етінен, екі үйректі және бір тауықты саттым. Тауықтың салмағы екіден үш киллограмға дейін, ал үйректер 2 кг 300 граммнан 3 кг 300 граммға дейін. Бағасы: тауық 2200-2300 теңге, үйрек 2300-2500 теңге. Санына қарай жеңілдіктер беремін. Басқа жұмысым жоқ, тек ауыл шаруашылығымен айналысамын.

Жәрмеңкедегі бағалар нарықтық бағадан 10-15 пайыз төмен және негізінен өзгеріссіз қалады. Рудныйлықтың жәрмеңкеге келу себептері – жұмыртқа мен ет. Бұл жолы осы тауарлардың бірі бұрынғыдан қымбаттады.

«Жас-Қанат 2006» серіктестігінің С-1 санатындағы 10 тал әлеуметтік жұмыртқаның бағасы 490 теңге. Бір қолға есептегіштен шектеусіз мөлшерде берілді.

Жұмыртқалардың сатылымы басталғаннан кейін ұзын кезек түзілді. Бірнеше сағат бойы кезек жиырма шақты адамнан кемімеді, тағы бірнеше уақыттан кейін тұрғандардың саны елу адамға дейін жетті.

– Біз жәрмеңке туралы әлеуметтік желілерден көріп келеміз. Уақыт қолайлы, демалыс күндерінде өтеді, – дейді Динара Даниярова. – Негізінен жұмыртқа сатып аламыз, себебі бағасы тиімді. Дүкенде жақында 600 теңгеге сатып алғаным бар, ал мұнда арзанырақ, небәрі 490 теңге. Әсіресе, көбірек сатып алғанда. Бүгін 180 дана алдық, бұл көлем ұзаққа жетеді. Бізде үлкен отбасы, сондықтан үнемі пісіреміз. Жұмыртқа фургоны келгенше 40 минуттай кезекте тұрдық. Алдымызда 20-дан астам адам болды, артта тағы он адам бар еді. Жалпы, шамамен бір сағат күтіп тұрдық. Жәрмеңкеден тағы ет, сүт өнімдері, фермерлік көкөністер сатып аламыз. Дүкендерге қарағанда бағалары төмен. Егер пайдасы болмаса, ешкім келмес еді. Осы жәрмеңкелерге екі жылдай келіп жүрміз. Өнімдердің кең көлемі бар екені байқалады. Тек мұнда кейде кезек ұзақ болады. Мысалы, жұмыртқа сататын тек бір сатушы мен көмекшісі бар. Сатушыларды көбейту керек, өнімді тезірек сату үшін, кезектер азайып, ұзақ күтпес еді.

– Біз жұмыртқа, сүт және ет аламыз, – деді зейнеткерлер Иван Голушко мен Вера Аксенова. – Рудныйдың ардагерлері ретінде әр жәрмеңкеге қатысамыз. Бағалар дүкендерден аса ерекшеленбейді, бірақ бәрібір сәл арзанырақ және таңдау да жақсы. Біз іркілдек істеу үшін, аздаған ет алдық, 4000 теңгеге шықты. Саяжайшылар маусымда сатады, ал қазір артық өнімдері барлар сатып жатыр. 26 жыл бойы бақша ұстадық, бірақ қазір ұстаудан бас тарттық. Алты сот жерде көп өнім өсіре алмайсын. Қазір балаларымыз бақша ұстайды, олар бізді қамтамасыз етеді. Жәрмеңкенің осында өтуі бізге өте ыңғайлы. Өйткені, өзіміз жақын жерде, оқу комбинатының жанында тұрамыз. Сенбі күні базарда болдық, сатушылар жәрмеңке Республика күні қарсаныңда болатынын айтты.

Қазақстандағы азық-түлік бағаларының қазіргі жағдайында, Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімі 19 атаудан тұрады. Заң бойынша, осы өнімдерге арналған сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс. Бұл ережені бұзған жағдайда, кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Егер жәрмеңке туралы айтатын болсақ, мұнда 15 жылдан астам уақыт бойы барлық облыс дүкендеріне өнімдерін жеткізіп келе жатқан өндіруші компанияның балығын табуға болады, оның ішінде тұздалған және ысталған скумбрия, ұсақ балық, ақсерке және тағы басқа балықтар бар.

– Біз әр ай сайын жәрмеңкелерге шығып отырамыз, тек Рудныйда ғана емес, Качарда да. Біздің өнімдеріміз рудныйлықтардың арасында үлкен сұранысқа ие, өйткені біз әрқашан жаңа, ең жақсы өнімдерді жеткіземіз. Бізде тұздалған және ысталған скумбрия, ұсақ балық, ақсерке бар, сатып алушыларымыз өнімдерді үздіксіз алып отырады. Көптеген тұрақты тұтынушыларымыз бар, олар бізді таниды, балығымыз сапалы екенін біледі, – деп айтты «Сапа М» ЖШС-ның сатушысы Татьяна Карташова. – Балық өнімдері бойынша білімді технолог жұмыс істейді, барлық нормалар сақталған. Сатып алушыларымызға қуаныштымыз, жәрмеңкелер тұрақты өткізіліп тұрады. Өндірісіміз бұрыннан бері жұмыс істейді. Рудныйда бастағанбыз, кейін кеңейдік. Қазіргі уақытта өндірістік цех Қостанайда орналасқан. Өнім түрлері үздіксіз қосылып отырады, маусымға байланысты ассортимент жоғарылайды. Қысқа жақындағанда теңіз, мұхит балығы көбейеді, ал жазда керісінше, өзен балығы: пелядь, рипус, лещ артады. Қазір тұздалған салака қосылды. Шикізатты Челябинск қаласынан сатып аламыз. Сосын  жаңа мұздатылған балықты ыстаймыз, тұздаймыз, кептіреміз, әр түрлі жартылай фабрикаттар жасаймыз. Сатып алу бағалары өте көтерілді, сол себепті дайын өнімнің бағасы да өсті. Жәрмеңкеге келіңіздер, өкініп қалмайсыздар. Барлық өнімдер жаңа, керемет сапалы.

Келесі ауылшаруашылық жәрмеңкесі 9 қараша күні 50лет Октября 98 мекенжайы бойынша орналасқан «Универсам» дүкенін жанындағы ашық алаңда өтеді. Барлық сұрақтар бойынша 4-98-52 нөмеріне хабарласуға болады.

 

Асем БАЙКАНОВА,

суретті түсірген Султан СЕРТАЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *