Мереке – мектептерде

1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні Рудный қаласында кең көлемде тойланды. Соның ішінде білім беру мекемелеріндегі ұстаздар мен оқушылар қауымы мерекені ерекше дайындықпен қарсы алғандығы қуантады. Бүгін сол іс-шаралардан хабар беретін әлеуметтік желілердегі фотоларға назар аударсақ.

«Халықтар арасында достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату мақсатында 4 сыныптар арасында «Ынтымақ достық кепілі» атты зияткерлік ойындар өткізілді. Оқушылар зияткерлік ойын барысында, үш тілде мақал-мәтелдер айтып, әр ұлттың салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақтар қойылып, жауап берді».

@19school_rud

«Балалар жылы және 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мерекелік іс шара өтті. «Үндестік» жобасы аясында мерекелік іс шараларға ата-аналарда шақырылды».

@rud15schoolkaz

««Бейбітшілік пен бірлік-халық достығы!» Қашар кенті «Юность» МҮ ұйымдастырған ұжымдар арасында шығармашылық көркемөнерпаздар фестивалінде мектеп мұғалімдері ұжым болып өнер көрсетті».

@kacharschool2

«ҚР мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Болашағымыз бірлікте» тақырыбында Рудный қалалық ардагелер кенесінің белсенді мүшесі, билер төрелігіндегі ақылдастар алқасының мүшесі Молдашев Сүндет Ібайұлы, бірнеше жыл мұғалім мамандығында жұмыс жасаған қалалық ардагелер кенесінің белсенді мүшесі Ғаниев Жағыпар, «Бақыт біздің бойымызда» қоғамдық қорының мүшесі Қапанова Ләйлә Жұмағалиқызы қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндері, 4 сынып оқушыларымыз би арқылы қонақтарымызды күтіп алса, Сәкен Қадіржан «Әнші бала боламын» әнімен дөңгелек үстелді ашып берді. Ынтымақтастық пен ауызбіршілікті ұран еткен біздің мектебіміз қазіргі таңда өзге ұлт өкілдерінің бүлдіршіндері, атап айтсақ 9 сынып оқушысы Ли Марк қазақтың ұлттық аспабы домбырада «Байжұма» күйін тарту етсе, 1 сынып оқушысы Исоян Хазал, 2 сынып оқушысы Киргизбаева Альмира өз жүрекжарды өлеңдерін айтса, 10 сынып оқушысы Адебова Нурсила өз жанынан шығарған, авторлық өлеңін арнады. Сонымен қатар биші қыздарымыз да мың бұрала би биледі. Қонақтарымызға 10 сынып оқушылары сұрақ қойып, іс – шара соңында қадірменді қонағымыз өзінің дайындап келген өлеңін оқушыларға арнады».

@school7_rud

Әзірлеген Айзат ИБРАГИМ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *