Мопедтерді тіркеу: Транспорт иесі қандай құжаттарды өткізуге тиіс

Мопед иелері транспортын 3 сәуірге дейін тіркеп үлгеруі қажет.

Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті мопед иелерінің транспортын тіркеу үшін ұсынуға тиіс нақты құжаттар тізімін жария етті.
Олар:

  • жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысандағы құжат;
  • Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар;
  • техникалық құжат (бар болған жағдайда) немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәлімет;
  • транспорт иесінің өтініші;
  • көлік құралын қарап тексеру актісі (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде).

«Мопед жақтауының нөмірі болмаған жағдайда сәйкестендіру нөмірін уәкілетті орган тіркеу әрекеттері жасалғанға дейін мопед иесінің өтініші бойынша ұсынады», – делінген Әкімшілік полиция комитетінің хабарламасында.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 қазанда мопедтерді тіркеуге міндеттейтін заңға қол қойды. Сәйкесінше, мопед иелері транспортын 3 сәуірге дейін тіркеп үлгеруі қажет.

«6 ай уақыт береміз. Әдетте, адамдар алтыншы айда бір-ақ тіркеуден өтуге барады, салдарынан кезек болатыны белгілі. Сондықтан да заңға қол қойылған кезден бастап бір ай ішінде тиісті құқықтық базаны реттейміз, – деген болатын ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *