Рудный қаласының прокуратурасы ағымдағы жылы төлқұжаттар мен жеке куәліктерді алу кезінде мемлекеттік баждарды заңсыз алудан көрінген мүгедек адамдардың құқықтарын бұзудың 142 фактісін анықтады.
Сонымен қатар, азаматтардың аталған санаты нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру кезінде, барлық істер мен құжаттар бойынша соттарда баж төлеуден босатылды, сондай-ақ олар көлік құралдарына және жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеушілер болып табылмайды.
Бұдан басқа, Әлеуметтік кодексте мүгедек адамдардың ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға және спорттық жарыстарға қол жеткізу құқығы көзделген.
Осыған байланысты, қала прокуратурасы «Рудный қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі жанындағы мүгедектігі бар адамдар үшін 8 спорт секциясы (волейбол, шахмат, оқ ату, үстел теннис, жеңіл атлетика, дойбы, дартс садақ ату) тегін негізде жұмыс істейтінін хабарлайды.
Гүлім Мұрат