НАУБАЙХАНА АШЫП, ТАБЫСҚА КЕНЕЛГЕН

Қаламыздағы «Карагулина» наубайханасы тамақ өнімдері нарығында 20 жылдан астам уақыт жұмыс атқарып келеді. Осы уақыт ішінде наубайхана өз тұтынушыларына сапалы өнімдердің кең ассортиментін ұсына отырып, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің сенімді өндірушісі ретінде өзін танытты. «Карагулина» наубайханасы нанның 27 түрін ұсынады, оның ішінде әртүрлі дәмдік талғамдарды қанағаттандыратын дәстүрлі және заманауи нан түрлері.

Кәсіпорында бес цех жұмыс істейді, олардың әрқайсысы заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бұл өнім сапасының жоғары деңгейін ұстап қана қоймай, нарық сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Соңғы уақытта «Карагулина» наубайханасы өз ассортиментін кеңейту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Тұтынушылар арасында сұранысқа ие болып үлгерген нанның алты жаңа атауы әзірленді.

«Ең бірінші ұжымды таңдай бастадық және қолайлы аумақ іздеп, сол жерді толығымен жабдықтандырдық. Біз Швеция, Чехия, Италия, Франция мемлекеттерінен арнайы тапсырыспен келген сапалы жаңа жабдықтарды қойдық. Яғни, пештер, бөлгіштер, илеу машиналары, печенье және пряник үшін қалыптау машиналары. Алдымен нан ассортиментін толықтырдық, содан кейін кондитерлік өнімдерді де дамыту керек екенін түсіндік. Түрлі көрмелерге қатысып, нарықтағы ассортиментті зерттедік. Біздің тұтынушылардың көңілінен шығуға тырыстық. Содан кейін қысқа печенье, пряник шығара бастадық. Міне, қазір бізде осындай ассортимент бар», — деді Любовь Карагулина, «Карагулина» ЖК басшысы

Қазір компания тұтынушылардың ұсыныстарын ескере отырып, ең алдымен, өнімдер айқын көрінуі үшін өнімнің қаптамасын өзгертуде. Өнімдер тек Рудныйда ғана емес, Қостанай, Лисаков, Денисов, Федоров аудандарында да сатылады.

Наубайханада құны 88 теңге тұратын әлеуметтік нан шығарылады, сауда орындарында ол 90 теңгеден сатылады. Ауысымда 1000-нан 1500-ге дейін нан пісіріледі. Штатта 140-қа жуық адам бар. Любовь Карагулинаның айтуынша, жалақы лайықты, әлеуметтік пакет және сыйлықақылар да бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *