Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мақсатында ағымдағы жылғы 03-09 маусым аралығында Рудный қаласы мен Қашар кентінің аумағында “заңсыз-2024” Республикалық жедел-профилактикалық іс-шараның 1 кезеңі өткізіледі.
Оның барысында полиция қызметкерлері ҚР-да заңсыз жүрген, сондай-ақ белгіленген ережелерді бұза отырып, еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктерді анықтау үшін аула және пәтерлерді аралап, саяжай массивтерін, базарларды, құрылыс объектілерін, ТҚҚ, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын пысықтайтын болады.
ОПМ нәтижелері бұдан әрі БАҚ-та жарияланатын болады.
Барлық сұрақтар бойынша Рудный қ.ПБ фронт-офисіне мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Горняков к-сі 7 немесе 3-34-02, 3-34-55 телефондары бойынша қоңырау шалуға болады.