27 маусым мен 4 шілде аралығында Рудный қаласы мен Қашар кенті аумағында «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы өтеді. Негізгі мақсат – өңірдің көші-қон жағдайын сауықтыру. Профилактикалық рейдтердің міндеті – құқық бұзушыларды анықтау және көші-қон саясатындағы құқық бұзушылықтардың санын азайту. Айта кету керек, мұндай іс-шаралар өз нәтижелерін беруде: өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 12 шетелдік азамат елден шығарылды, ал биыл 6 ай ішінде 9 шетелдік азамат шығарылды
– Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жіберетін Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері мәртебесі реттелмеген шетелдіктердің болу, елден уақтылы шықпау фактілерін анықтау, уақтылы есепке алу және бақылау үшін аулаларды және пәтерлерді аралап шығады, – деп түсіндерді Рудный қаласының полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Сисенова.
Шетелдік азаматтар қонаққа келген кезде құқықтық жауапкершілік туралы ұмытпауы тиіс. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 қаңтардағы заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес қабылдаушы тарап шетелдік азаматтардың уақытша болуы үшін үш жұмыс күні ішінде уақытылы ақпарат беруге жауапты болады. Көші-қон қызметіне жазбаша хабарлама беру арқылы ғана емес, сондай-ақ ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) және EGOV порталы, визалық-көші-қон порталы арқылы интернетке қолжетімділік болған кезде де хабардар етуге болады.
Өткен жылы 255 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, осы кезеңде – 90. Полиция қызметкерлері Көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмысын жалғастыруда.
Айзат ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ
газета «Рудненский рабочий»