Отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғау – ортақ мәселе

Отбасындағы зорлық-зомбылық бұл — қазіргі біздің дамыған қоғамымыздағы   көкейкесті мәселе. Нәтижесінде одан жиі әйелдер зардап көреді.   Оның алдын алу үшін жергілікті билік полиция қызметі, дағдарыс орталықтарының өкілдері,  психологтар және басқа да мүдделі қызметтермен бірлесіп, қандай іс-шаралар қабылдайды? «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында өткен дөңгелек үстел отырысында осы да, өзге тақырыптар талқыланды.

10 желтоқсанға дейін жалғасатын акция шеңберінде өткізілетін іс-шаралар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған. Зорлық-зомбылықтың нәтижесінде отбасылардың шаңырағы бұзылып, балалар зардап шегеді. Ең бастысы зорлық-зомбылық кей жағдайларда ауыр қылмыстардың  орын алуына алып келеді.

Біздің қызметкерлеріміз тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексереді. Оларға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылған немесе мінез-құлыққа белгілі бір талаптар белгіленген адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылады, — дейді полиция басқармасының әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Динара Тынышпаева.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушыларға жазаны қатаңдату қажеттігін айтқан болатын. Бұл тапсырма бойынша жұмыс қалай жүзеге асырылап жатқанын Ішкі істер министрінің айтуынша, отбасылық тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату аясында қылмыстық құқық бұзу бойынша «отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында тұрған адамға қатысты» деген қосымша саралауды енгізу көзделген.

Егер қазір заңды бұзғаны үшін отбасылық «жанжалқойды» 5 тәулікке дейін қамауға алу көзделсе, бүгінде  әкімшілік қамауға алуды 25 тәулікке дейін ұлғайту мәселесі қаралуда. Бұл, әрине, мәселені шешпейді, бірақ көптеген адамдарды «тежеуі» мүмкін. Құқықбұзушыларды қо­ғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза­ның жаңа түрін енгізу де қарастырылуда, — деп толықтырды тәртіп сақшысы.

Айта кету керек, Рудныйда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы құрылған болатын. Онда өмірлік қиын жағдайға тап болған, тұрмыстық салада зардап шеккен адамдар орналастырылады. Рудный қаласындағы дағдарыс орталығына Қазақстан азаматтары ғана емес, еліміздің аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ құжаттары жоқ адамдар қабылданады.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары дағдарыс орталығына 20 орын аз екенін атап өтті. Мүмкіндік болса, биліктен төсек орын санын арттыруды өтінді. Себебі, бұл жерде әйелдер өз-өзіне келіп, психологиялық, әлеуметтік тұрғыда көмек алады. Билік өкілдері аталмыш мәселені назардан тыс қалдырмаймыз деп сендірді.

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҰШЫРАҒАН АДАМДАР ҚАЙДА ЖҮГІНЕ АЛАДЫ?  

  • Полиция, 102.
  • Рудный қаласы полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы 8(71431) 3-34-31
  • Рудный қаласы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған бөлім 8(71431) 7-51-03

Мамандар бір бірімен өзара әрекеттеседі және қажет болған жағдайда басқа құрылымға бағыттайды.

Жанар АХМЕТОВА

газета «Рудненский рабочий»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *