Құжаттарға QR код енгізіледі.
Қазақстанда педагогтердің білімін бағалаудан өткенін растайтын құжат енді QR код басылған қағаз түрінде және электронды түрде беріледі. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы Оқу-ағарту министрлігінің құжат жобасынан белгілі болды.
«QR кодының болуы сертификаттың түпнұсқалығын тез және сенімді тексеруге мүмкіндік беретін қосымша қорғауды қамтамасыз етеді», – делінген құжат жобасында.
Министрліктің түсіндіруінше, сертификаттың электрондық форматы педагогтердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарына қатаң есептілік бланкілерін сатып алуға және толтыруға кететін уақыт пен қаржылық шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, электрондық сертификаттарды пайдалану педагогтердің оқу орнына жеке келу қажеттілігін жою арқылы процесті жеңілдетеді, бұл уақытты үнемдейді және процесті барлық қатысушылар үшін ыңғайлы және қолжетімді етеді.
Сондай-ақ, QR кодтың болуы сертификаттың түпнұсқалығын тез және сенімді тексеруге мүмкіндік беретін қосымша қорғауды қамтамасыз етеді.