Отшашулар мен бенгал жарығы – бұл жаңа жылдық түннің ажырамас атрибуты. Бірнеше күннен кейін қаланың аспаны жарқырап, 2024 жылдың басталуын білдіртеді.
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында балалардың көпшілігі, сондай-ақ ересектер пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан жарақат алады. Осыған байланысты Рудный қала аумағында жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты халықпен пиротехникалық бұйымдарды сақтау, пайдалану, тасымалдау ережелерін қадағалау туралы профилактикалық жұмыс жүргізу болып табылады.
Рудный қаласының ТЖБ қызметкерлір отшашуды пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін еске салады:
— пиротехникалық бұйымдарды тек заңды сауда орындарында сатып алуға болады;
— отшашуларды жылыту аспаптарынан алыс, құрғақ және міндетті түрде жылы жерде-әйтпесе температура айырмашылығынан өнім ылғалдануы мүмкін. Ылғал отшашуларды кептіруге қатаң тыйым салынады;
— пиротехникалық бұйымдарды тұрақты немесе екпінді жел кезінде іске қосуға тыйым салынады. Алаңның үстінде ағаштар, электр желілері және басқа да кедергілер болмауы керек.
Сондай-ақ, тыйым салынады:
— 18 жасқа толмаған азаматтарға пиротехникалық бұйымдарды қолдану;
— пиротехникалық бұйымның жанында темекі шегу;
— жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолында ұстау
— фитиль әлсіреген жағдайда оны тағы бір рет өртеп жіберуге және жақындауға;
Отшашуды ұшырғанда өндірушінің нұсқауларын қатаң сақтаңыз. Кәмелетке толмағандарға пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше пайдалануға болмайды. Оны іске қосқаннан кейін бұйымға жақын тұрмаңыз, шамамен 30-50 метр қашықтықты сақтаңыз. Мас күйінде от шашпаңыз. Егер фейерверк жұмыс істемесе, оны қайта жағуға тырыспаңыз.
Жадыра ЕРТАЕВА