Олар Рудныйдан Қостанай ауданы Константинов ауылына жаяу жеткені белгілі. Түнде олар ауыл маңындағы орманда түнеп, 8 сәуірде таңертең жол-жөнекей кетіп бара жатқан жергілікті ветеринарлық қызметтің маманы басқарған Нива маркалы көлігіне отырған.
Ол бұл туралы учаскелік полицейлер — Жаслан Әбілғазы мен Махамбет Ерубаевқа хабарлады. Олар өз кезегінде көлік маркасы мен мемлекеттік нөмірді көрсете отырып, ақпаратты әріптестеріне берді.
Кейін Садовое және Алтынсарино кенттері арасында көлікті учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Махин тоқтатты.
Жасөспірімдер полиция бөліміне жеткізілді. Олардың зардап шекпегені белгілі болды. Қазір олармен ювеналды полиция қызметкерлері сөйлесіп жатыр.
Жақын арада олар Рудныйға қайтарылады.
Белгілі болғандай, жасөспірімдер Қостанайға бірінің анасына бара жатқан.
Естеріңізге сала кетейік, 7 Сәуірде 15 және 17 жастағы екі жасөспірім білім алып және тұрған «ерекше білім беру қажеттіліктері бар отбасын қолдау орталығы» мекемесінен кетіп қалған.
Оларды іздеуге 34 бірлік техника мен 93 адам, оның ішінде полицейлер, «Регион 10» және «ДОС» іздеу және құтқару жасақтарының еріктілері, әкімдік өкілдері мен бей-жай қарамайтын азаматтар қатысты.