Қалалық парақшаларда 50 лет Октября көшесіндегі 12 қабатты үйдің жанында отырғызылған сары шыршалардың фотосуреттері мен бейнелері пайда болды. Рудный тұрғындары ағаштардың мұндай күйде екенін сұрап, оны суарудың жоқтығымен байланыстырады. Жаңа отырызылған ағаштардың жағдайы туралы «Рахат-2018» ЖШС өндіріс директоры Сергей Бейфертпен сөйлестік.
– Бұл қарағайлар солтүстік аймақтардан біздің, оңтүстік аймаққа әкелінді. Олардың барлығы жер кесектерімен жақсы келді. Қала тұрғындары кішкентай ағаштарды емес, бірден биік, әдемі ағаштарды отырғызуды сұрады. Сондықтан «Рахат-2018» ЖШС күшімен биіктігі 3,5-тен 4,5 метрге дейінгі шыршалар отырғызылды. Барлық нормаларға сай болды. Қазір де отырғызу нормалары сақталған. Біріншіден, отырғызуға арналған шұңқырлар дайындалды. Көшеттер келгенге дейін шұңқырлар жақсылап суарылды. Шыршалар барлық технология бойынша отырғызылды. Бізде жоғары білімді мамандар жұмыс істейді. Бірден тыңайтқыш енгізілді, қара топырақ шұңқырларға құйылды, бірден жақсылап суарылды және күнделікті дерлік суарылады. Шыршалар ылғалды ұнатпайды. Ол батпақты өсімдік емес, күріш емес, бұл орман өсімдігі. Ол құмды немесе тау топырағын жақсы көреді. Сондықтан, біз суару, тыңайтқыш енгізу кезінде барлық технологияны сақтаймыз. Бірақ бұл табиғи процесс, ине жапырақтар түсіп, кейбір ағаштар өлуі де мүмкін. Мұны келесі жылы, олардың тамыр жайғанын айтатын кезде көреміз. Бізде кепілдік мерзімі бар: өліп қалған ағаштардың орнына осындай жаңа шыршалар отырғызамыз. Барлық көшеттерді сақтап қаламыз деп үміттенеміз. Оларды балалар сияқты күтіп, суарып, тыңайтқышпен қамтамасыз етеміз. 99 пайызы тамыр жаюы тиіс. Шыршалар кішкентай емес, бұл ағаштар бес-жеті жаста. Әр ағаштың аман қалуы үшін, біздің климаттық жағдайларымызға бейімделуі үшін бар күшімізді саламыз, – деп түсіндірді Сергей Бейферт.
– Қанша шырша отырғызылды?
– Биыл біз шамамен 600 шырша отырғыздық. Барлық отырғызу жұмыстары аяқталды. Тапсырыс кешігіп келді, өйткені солтүстік аймақтар судан және қардан толып қалған еді. Бірақ ағаштар тірі келді, ылғалды жер кесектерімен. Иә, кейбір тұрғындар қатты уайымдайды, бірақ мұндай жағдайларда шығынсыз болмайды. Сонымен қатар, Ленин көшесінде бөлу жолағында, Комсомольский даңғылынан 50 лет Октября көшесіне дейін пирамида тәрізді теректер, алма ағаштары отырғызылды, отырғызылды. Корчагин, Ленин, 50 лет Октября көшелерінде көптеген кіші ағаштар отырғызылды. Күзде теректер мен тірі қоршаулар тәрізді кіші ағаштар отырғызуды жоспарлап отырмыз.
– Біздің климатымызға қолайлы басқа ағаш түрлерін отырғызу туралы ойладыңыз ба?
– Біздің жағдайларда ең қолайлысы– бұл бальзамдық терек, пирамидалық емес екенін бәрі біледі. Бірақ оған да белгілі бір күтім қажет. Біз бұл терекке екінші өмір сыйлаймыз. Ол 30-40 метр биіктікке дейін өседі, содан кейін желмен бұтақтары машиналарға, адамдарға, шатырларға құлай бастайды. Тамыр жүйесі қартая бастайды, ішінен шіриді, сондықтан кесеміз. Біз мұны Ленин көшесінде және Комсомольский даңғылында жасадық, онда теректерге 60 жылдан астам болды. Егер діңі жақсы жағдайда болса, бальзамдық терек тағы 20-30 жыл өмір сүреді. Бірақ қазір бальзамдық теректі жеке жағдайларда ғана отырғызамыз. Дегенмен, терек – бұл қазақстандық мәдениет, оттегі бөлуде бірінші орында тұр. Негізінен, біз қарағаш отырғызамыз. Павел Корчагин көшесі мен 50 лет Октября көшесінде тірі қоршау отырғыздық. Қарағаштан жасыл қоршау жақсы шығады.
Булат МУСИН,
суретті түсірген Алексей ФРОЛОВ