Рудный политехникалық колледжінде «ERG skills» республикалық байқауы басталды
Екі күн бойы қатысушылар Қытай Халық Республикасына тағылымдамадан өту құқығы үшін күресетін болады.
Студенттер байқауға жақсы көңіл-күймен барып, жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсады.
Колледж директоры Аманжол Сағнаев мұндай байқаулар қатысушыларға өздерін іс жүзінде көрсетуге, тәжірибе жинауға және болашақ мамандықта одан да сауатты болуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Айта кету керек, РПТК-да бұл іс-шара алғаш рет өтуде. Оған колледж студенттерінен басқа «ERG Service» ЖШС және «ССКӨБ» АҚ оқытушылары мен жас мамандары қатысады.