Рудныйда Абай Құнанбайұлының 179 жылдығы атап өтілді

2024 жылы ұлы қазақ ақыны, ойшыл, ағартушы және қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 179 жыл толды. Осыған орай, Рудный қаласында 10 тамыз күні Абай күні мерекесі кең ауқымда атап өтілді. Бұл мереке 2020 жылы Елбасының қаулысымен бекітіліп, жыл сайын дәстүрлі түрде тойланып келеді. Биылғы іс-шаралар Абай мұрасының мән-маңызын жастарға жеткізу және қалалық қауымдастық арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Рудный қаласындағы «Достық» саябағында «Абай әлеміне саяхат» атты квест-іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шара «Tugan Qala» жобасының аясында өтті, жоба бірнеше жылдан бері Рудный қаласының әлеуметтік және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарып келеді. 2024 жылы бұл жоба аясында Рудныйда 14 жоба жүзеге асырылуда, олардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты. Алайда, биылғы жылы жобаларға ұлттық нақыштағы сән үлгілері мен Абай күніне арналған арнайы іс-шаралар қосылды.

«Абай әлеміне саяхат» квесті жеті бекеттен тұрды. Әр бекетте қатысушыларға түрлі тапсырмалар ұсынылды, олардың ішінде садақ ату, шахмат, тоғызқұмалақ, Абай оқулары, шығармашылық ойындар болды. Бұл квестте жасөспірімдер Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, оның философиялық көзқарастарымен тереңірек танысты. Квест барысында қатысушыларға Абайдың шығармашылық мұрасы мен қазақ әдебиеті үшін атқарған еңбектері туралы қосымша мәліметтер беріліп, Абайдың ойшылдығы мен кемеңгерлігіне баса назар аударылды.

Квесттің авторлары «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Рудный филиалының төрайымы Қымбат Бірманова және қоғам қайраткері Ләйлә Қапанова болды. Олар «Tugan Qala» жобасының аясында бұл оқиғаға негізделген іс-шараны ұйымдастыру идеясын ұсынып, қажетті дауыс жинағаннан кейін, өз идеяларын жүзеге асырды. Осылайша, квест Абай мұрасына арналып, қалалық қауымдастыққа жарқын мереке сыйлады.

Рудный қаласы әкімінің орынбасары Сәкен Қоқышевтың айтуынша, «Tugan Qala» жобасы қаладағы маңызды әлеуметтік және мәдени бастамаларды қолдауға арналған.

Жобаны қала әкімдігі мен Eurasian Resources Group (ERG) ұйымдастырды.

— Біз әлеуметтік өмірдегі осындай мерекелерде әрқашан қолдауға дайынбыз. Кеніш тұрғындарының «Туған қала» жобасына қызығушылығы еселеп артып келе жатқанын атап өткім келеді. Біздің проекттерге дауыс беруге 10 мыңнан астам адам қатысты. Бұл Рудныйдың белсенді қала екенінің айқын дәлелі. Баршаңызға бүгін Абай әлеміне сапар шегіп, оның халқына сіңірген еңбегі елеулі екенін қаперге түюлеріңізге тілектеспін, — дейді Tugan Qala жоба орталығың басшысы Юрий Калюжный.

Биылғы жылы жобаларға дауыс беруге 10 мыңнан астам адам қатысқан, бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өсім.

Іс-шараға барлығы 11 команда қатысты. Олар ұсынылған локацияларды үлкен қызығушылықпен аралады. «Білімпаздар» командасының мүшесі, №10 мектеп-гимназиясының оқушысы Нұрсая Шәміл, квесттің интеллектуалдық бөлігін ерекше атап өтті: «Бұл мереке жасөспірімдер үшін көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар зияткерлік тұрғыдан да маңызды. Біз Абай әлеміне саяхат жасап, оның терең философиялық ойларын зерттеуге мүмкіндік алдық.»

Сондай-ақ, квестке қатысқан №10 мектеп-гимназиясының тағы бір оқушысы Есения Шевчук бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, өз әсерін бөлісті: «Абай Құнанбаев сияқты ұлы авторды еске түсіруге мүмкіндік берілгені өте керемет. Біз оның мәдениетімізге әкелген мұрасын құрметтеп, есте сақтаймыз. Қаламыздың осындай іс-шараларды ұйымдастырғанына ризамын.»

Төрт жыл бұрын Абай күні оның 175 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтілді. Абайдың шығармалары мен ойлары қазақ әдебиетінің негізін қалап қана қоймай, оның аудармашылық қабілеті де ерекше орын алған. Абай Михаил Лермонтов, Александр Пушкин сияқты орыс ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Оның әлеуметтік көзқарастары мен философиялық ойлары «Қара сөздерінде» айқын көрініс тапқан, бұл еңбегі арқылы Абай қазақ қоғамының тыныс-тіршілігін тереңінен зерттеп, философиялық тұрғыда тұғыр еткен.

Рудный қаласындағы Абай күні мерекесі жастарға Абайдың рухани мұрасын таныстыруға және қазақ мәдениетін сақтау мен дамытуға бағытталған. Бұл іс-шара тек мереке ретінде емес, сонымен қатар, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеудің тиімді құралы болып табылады.

Иван ЛЕЩЁВ,

суретті түсірген Сұлтан СЕРТАЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *