Ұры қылмыс орнында ұсталды
12 наурызға қараған түні Рудный супермаркеттерінің біріне алдыңғы есікті бұзу арқылы белгісіз адам кірген. Қаскүнем 4500 теңгеге түрлі маркалы темекіні қолды қылған.
Қасбетті сындыру кезіңде дабыл іске қосылып, біз дереу сол жерге бардық. Қылмыс орынында біз касса құрылғысымен жасырынуға тырысқан адамды таптық. Оны ұстағаннан кейін біз оны полицейлерге тапсырдық, — деді пульттік күзет қызметкері Айдархан Өміржанов.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қостанай облысының ПД белсенді азаматтық ұстанымы үшін күзетшілер мадақталатынын атап өтті.