Бүгін, 7 мамыр күні Рудный қаласының орталық алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер экспозициясы ресми түрде ашылды.
Шара Мемлекеттік Ту мен Әнұранды салтанатты түрде көтеру сәтінен басталып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше рух пен патриоттық сезім сыйлады. Жиналған қауымды қала әкімі Виктор Ионенко мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңбыршы Тілеуғабылов құттықтады.
Мерекелік концерт, марапаттау рәсімдері, саптық шеру және патриоттық автошеру — барлығы бүгінгі күннің маңызын айшықтай түсті.
Толық фоторепортаж төменде.
#ОтанҚорғаушыларКүні #Рудный2025 #МемлекеттікРәміздер #ПатриоттықРух