Рудныйда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара басталды

Орталық алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған экспозиция салтанатты түрде ашылды. Алғашқы қонақтар — мектеп оқушылары, ардагерлер мен қала тұрғындары стенд маңына жиналып, естелік суреттер түсіріп жатыр.

Көңілді музыка шырқалып, алаңда саптық топтар мен Ту алып шығатын топ сап түзеп тұр.

Сәлден соң Мемлекеттік Ту көтеріледі, Әнұран орындалады.

Мерекелік көңіл-күй тілейміз, рәміздерімізді қастерлейік!

#Рудный #7мамыр #ОтанҚорғаушыларКүні #МемлекеттікРәміздер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *