Рудный қаласының прокуратурасы пробация қызметімен бірлесіп есепте тұрған адамдар арасында шахмат, дойбы және тоғыз құмалақ ұлттық ойынынан турнир өткізді.
Бұл іс-шара бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және қоғамға қайта кіріктіруге, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Пробация үйі» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шаралар пробация есебінде тұрған адамдарға уақытты тиімді өткізіп қана қоймай, өздерін қоғамның бір бөлігі ретінде сезінуге көмектеседі. Шахмат, дойбы және тоғыз құмалақ — бұл қызықты ойындар ғана емес, сонымен қатар логиканы, стратегиялық ойлауды және шешім қабылдау қабілетін дамыту тәсілі.
Қадағалау органдары пробация есебінде тұрған адамдардың заңдардың сақталуын бақылап қана қоймай, олардың қалыпты жағдайға оралуына көмектесуге тырысады.