Рудныйда рәміздер күні аталып өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу құрметіне Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі «Достық» саябағында өтті. Іс-шараға қала әкімдігі, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ардагерлер, студенттер, мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Рудный қаласы әкімінің орынбасары Қоқышев Сәкен Балғабайұлы тұрғындарға Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін бейнелейтін мемлекеттік рәміздердің маңыздылығына тоқталып, құттықтау сөз сөйледі.

— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат негізге алатын құндылықтарды бейнелейді.  Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері 1992 жылы 4 маусымы бекітілді. Елтаңба, Ту, Әнұран — бұл кез-келген мемлекеттің өзінің жеке басы мен егемендігін бейнелейтін міндетті рәміздері. Оларды дәріптеу, құрметтеу баршамыздың міндетіміз, — деп атап өтті.

Мереке қарсаңында ұйымдастырылған «Халық туымен тұғырлы» атты фото-бейнероликтердің онлайн байқауында белсенді азаматтық ұстаным, патриоттық сезіммен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттап жүрген тұрғындар марапатталды. Қазылар алқасының шешімімен Әсем Шектібаева 3 орынды, Вероника Евгеньевна 2 орынды, Абылайхан Асанбаев 1 орынды иеленді.

Жиынға қатысушылардың бірі Рызбеке Сүймекова мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын және Қазақстанның дамуы мен өркендеуіндегі жастардың рөлін атап өтті.

— Біз қай жерде болмасақ та, еліміздің болашаққа ұмтылатын өркендеуі мен сенімділігін білдіретін рәміздерімізді әрқашан есімізде сақтаймыз. Менің ойымша, қазіргі ұрпақ – белсенді ұрпақ. Олар білім алуға, спортпен шұғылдануға, табысты көшбасшы болуға және еліміздің өркендеуіне үлес қосуға ұмтылады. Олар біздің Отанымыздың болашағы екенін біледі. Олар  ел болашағы үшін өз жауапкершілігін түсінетінін және өз ұлтының лайықты өкілдері болуға ұмтылады. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және табысқа ұмтылу Қазақстанға алға жылжуға және жаңа биіктерге жетуге көмектесетін патриоттық тәрбие мен азаматтық сананың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан осындай патриоттық сананы қалыптасу шараларды белсенді жүруі қажет,- дейді ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Іс-шара барысында тұрғындар рәміздеріміз туралы ақпараттармен бөлісіп, домбыра тартып, патриоттық ән шырқап мерекелік көңіл-күймен аяқтады.

 

Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *