11 шілде күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында ТКШ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Рудный қ. әкімдігі
Қазір оларда қызу уақыт – жаңа жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр. Рудныйлықтардың өмірі мен жайлылығы коммуналдық саланың жұмысына байланысты. Қала әкімі Қ.Х Испергенов кәсіпорындар ұжымына үйлесімді жұмысы, кәсібилігі және іске жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс айтты.
⠀ «ТКШ саласын дамытуға көп жылдық үлесі үшін» номинациясы бойынша «Спутник 2012» ЖШС лифт шаруашылығының диспетчері М.И.Вавиловаға, «Рудненская теплосеть» ЖШС абоненттік бюросының бақылаушысы О. А. Семенковаға, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Рудный газ шаруашылығының кассирі Н. М. Хвороваға, «Рудненский водоканал» ЖШС механикаландыру учаскесінің жүргізушісі М. М. Хвороваға және тағы басқаларына, барлығы 11 адамға грамоталарды табыс етті. Сонымен қатар, мерекеде коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлеріне «жылыту маусымына үлгілі дайындығы үшін», «жас кадрлар», «жұмыстағы инновациялық тәсілдері үшін» және «жоғары кәсібилігі үшін»номинациялары бойынша грамоталар табыс етілді. Бүгін жалпы грамоталармен 48 адам марапатталды. ⠀ Қала әкімі Қ.Х. Испергенов барлығына күрделі жұмыста табыс, мықты денсаулық, тұрақтылық пен амандық тіледі.