Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп гимназиясында облыстық экологиялық құзыреттілік орталығының ашылу салтанаты өтті.
Жиынға өңірдегі ЮНЕСКО клубтары жиналып, орталықтың қызметімен танысты. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – жүйеге инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы болашақ жас экологтарды сапалы оқыту.
Орталықта шығармашылық мұғалімдер тобы табысты тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті тақырыптар бойынша тренингтер мен семинарлар ұйымдастырады, сондай-ақ ресурстық қолдау көрсетеді. Экологиялық құзыреттілік орталығы өңір экологиясын бәсекеге қабілетті ресурстармен қамтамасыз етуді көздейді және жас экологтар мен педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мұнда STEM кабинеті, оқу зертханасы, робототехника, ART, «Жас медиа» теле студиясы сияқты бөлімдерде түрлі жобалар мен жұмыстар жүргізіледі. Орталықтың жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін Индия және Ресей елдерімен байланыс орнатылған.
Алдағы уақытта көшпелі және қашықтан әдістемелік іс-шаралар, конкурстар, семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізілетін болады.