Соңғы жылдары Қостанай облысы баламалы энергетиканы дамытуда елеулі қадам жасады.
Пайдалануға берілген жаңартылатын энергия көздерінің қуаты екі есеге жуық, 2022 жылғы 50 МВт-тан 2024 жылы 98 МВт-қа артты. Мұндай нәтиже жаңа жел электр станцияларын салудың арқасында мүмкін болды.
Бүгінде облыста электроэнергиясын тұтыну (0,45 ГВт) өндірісінен (0,12 ГВт) 4 есе жоғары.
Өңір жасыл энергетиканы белсенді дамытуды жалғастыруда: алдағы жылдары жаңа жел станцияларын, сондай-ақ күн және газ поршенді электр станцияларын салу жоспарланып отыр. Дегенмен, нағыз серпіліс Рудный қаласында ауқымды жобаның жүзеге асуы болмақ.
Мұнда қуаттылығы 1 ГВт жел электр станциясы салынады. Станцияда 165 жел турбинасы орнатылады. Жоба аяқталғаннан кейін өңір экологиялық таза энергетиканы дамытудағы позициясын айтарлықтай нығайтады.
Аталған жобаларды жүзеге асыру арқасында өз электроэнергиясын өндіру 10 есе артып, (0,12 ГВт-тан 1,27 ГВт-қа дейін) облыстың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.