Рудныйда 46 азамат 70 миллионға банкрот деп танылды

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заң күшіне енген сәттен бастап бастап еліміздің көптеген азаматтары өздерінің қаржылық мәселелерін реттеу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болды.  

Елімізде 2023 жылғы 3 наурыздан бері қолданыстағы бұл заң азаматтардың несие берушілер алдындағы борыштық міндеттемелерін шешудің үш негізгі процедурасын ұсынады: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарының айтуынша, бұл заңның негізгі ерекшеліктерінің бірі-соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану мүмкіндігі. Банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдында борышы бар азаматтар, егер олардың борышы 1 600 АЕК-тен кем болса және 12 айдан артық өтелмесе, осы рәсімді қолдану туралы өтініш бере алады. Процедура қарапайым және көптеген құжаттарды қажет етпейді.

Заң күшіне енген сәттен бастап Республика бойынша 10 мыңға жуық азамат 19,8 млрд. теңгеден астам сомаға банкрот деп танылды, ал 944 азамат банкроттық бойынша қаржы алушылар болды.  Рудный қаласының МКБ-да соттан тыс банкроттыққа барлығы 378 667 792 теңгеге 223 өтініш келіп түсті, оның ішінде 69 808 526 теңгеге 46 азамат банкрот деп танылды, алдын ала мақұлданған 261 289 797 сомаға 148 азаматтан бас тартылды (қарауда 21 499 062 теңге сомасына 16 азамат), 6 128 704 теңге сомасына 4 азаматтың қаржылық мониторингінен өтпеген.

 «Өтініш EGOV электрондық үкімет порталы арқылы және E-salyq azamat мобильді қосымшасы арқылы беріледі.Қазір аталған рәсімдерді қолдануға құқығы бар адамдар тобын кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, лицензиядан айырылған қаржы ұйымдарын кредиторлар тізбесіне соттан тыс банкроттық рәсімін енгізу, сондай-ақ төлемнің ең төменгі мөлшерін белгілеу және жүйенің жұмысын жақсартуға бағытталған өзге де өзгерістер жоспарлануда. Бұл инновациялар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін олардың қаржылық мәселелерін шешуде және өздерінің қаржылық жағдайын жақсартуда көбірек мүмкіндіктер береді. Бұл қадамдар азаматтардың қарыз жүктемесін азайтуға және олардың қаржылық тұрақтылығына ықпал етеді»,-дейді құқықтық жұмыс және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Айлин Темирлан.

Осы заңды іске асыру азаматтардың борыштық жүктемесінің төмендеуіне, өнімді экономикалық қызметке оралуына әкелері анық. Қалалық кірістер басқармасының мамандарының айтуынша берешекті уақтылы төлемеу себебінен шоттарды жабуды алып тастау, бұл өз кезегінде жұмысқа орналасуды жеңілдетеді және азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіреді.

Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *