Қалалық сенбілік бұрынғы ВЛКСМ кинотеатры аумағында өтті
«Рахат-2018» ЖШС күшімен ағаштар мен бұталарды кесу жұмыстары жүргізілді, Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еріктілер, жастар ресурстық орталығы, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қоқыс жинап, құрғақ шөптерді тазалады.
Акцияның мақсаты-қоғамның назарын табиғатты сақтаудың маңыздылығына аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара республикалық айлық аясында өтті. Қала аумағын көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.