Рудныйлықтар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты тікелей эфирде тамашалауда

Бүгін Астана қаласындағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтуде. Бұл тарихи сәтті рудныйлықтар да назардан тыс қалдырған жоқ – қала орталығындағы LED-экранда тікелей эфир қосылып, тұрғындар мерекелік шараны бірге тамашалап жатыр.

Мемлекеттік рәміздермен көмкерілген алаңда әр жастағы қала тұрғындары жиналып, Отан қорғаушыларға құрмет көрсетуде. Әскери техниканың шеруі, сап түзеген сарбаздар мен отты жылдардың естеліктері – бәрі де көпшіліктің жүрегін тебірентті.

Мерекелік рухты бірге бөліскен әрбір жан үшін бұл – тек парад емес, тарихпен қайта қауышу сәті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *