Ойынға 15 облыстан 15 жайдарман құрамасы бақ сынады. Сайысы бір кезеңнен тұрды – ол сәлемдесу.
Бұл лига аясында төрт облыста өнер көрсету жоспарланған. Алғашқы ойын Қостанай облысында өтті, одан кейін Петропавл қаласында. Ендігі ойын Қарағанды мен Жезқазғанда өтеді.
– Дайындығымыз өте жақсы өтті, жоғары деңгейде дайындалдық. Бір өкініштісі – толық құраммен ойнай алмадық. Қызылжар кубогін жеңіп алу оңайға соқпады. Енді алдағы ойын Қарағанды қаласында өтетін жартылай финалға қызу дайындалып жатырмыз. Рудный политехникалық колледжіне және қолдау көрсеткен Жастар ресурстық орталығына алғысымыз шексіз! – дейді команда капитаны Нұрқасым Әбдірахметов.
Осылайша “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” командасы жартылай финалға ең жоғарғы 9,8 баллмен жолдама алды. Талантты жастарымызға сәттілік тілейміз!