Рудныйлық мәдениет пен өнер майталмандары марапатталды

Өмірін өнерге, шығармашылыққа, руханиятқа арнаған мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында салтанатты жиын өтті. 

2024 жылдың бес айында Рудный қаласының клубтық мәдениет мекемелері 243 іс-шара өткізді, оған 49 228 көрермен қатысты, оның ішінде 26 137 адам қатысқан балалар мен жасөспірімдерге арналған 112 іс-шара. 209 қайырымдылық іс-шарасы өткізіліп, 47 872 көрермен жиналды. Қалада 57 клубтық бірлестік жұмыс істейді. Рудный қаласында 36, «Юность» МҮ жанындағы Қашар кентінде 21. Онда 783 адам айналысады. Өнерді өміріне серік еткен жандарды кәсіби мерекесімен әкім Виктор Ионенко құттықтап, сала мамандарының қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.

— Мәдениет пен өнер саласы күшті ішкі мәдениеті мен рухани энергиясы бар адамдардың арқасында дами алады. Жылдың кез келген уақытында, ауа-райына немесе басқа қиындықтарға қарамастан, елдің алдына шығып, халыққа адал қызмет етіп келесіздер. Осы ерекше мерекеде мәдениет пен өнер саласында еңбек сіңірген аға буын өкілдеріне алғыс айтамыз. Халықты рухани байытуға талпынып, зор жауапкершілік арқалап келе жатқан әрбіріңізге айтар алғысым шексіз. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету — баршамыздың ортақ мақсатымыз. Қаламыздың өркендеп өсуіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер», — деді қала әкімі.

Рудный қаласының мәдениет мекемелерінің 2024 жылғы 22 мамырдағы бюджеті 836 миллион теңгені құрады. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға қалалық бюджеттен 23 миллион теңге жұмсалды, оның ішінде костюм тігу, подиум және ағаш сырғанақ жасау.

Сондай-ақ, әкім Виктор Ионенко мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерін оқыту топтары жұмыс істейтін қалалық Тілдерді оқыту орталығының жұмысын, сондай-ақ «Сөйле time» және «QazRetro» ауызекі клубтарының жұмысын атап өтті. Сонымен қатар, «Рудный су желілері» ЖШС және Рудный қаласының дәріханаларының қызметкерлері үшін қазақ тілін оқыту бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды. Оқыту 935 тыңдаушы үшін тегін негізде жүргізіледі. Орталық сонымен қатар азаматтарды ағылшын тілін оқытуға тартуды жалғастыруда. Тыңдаушылар саны-232 адам. Сонымен қатар, қандастардың өтініштері негізінде 30 адамнан тұратын орыс тілін үйренуге арналған екі топ ашылды. Осылайша, Тілдерді оқыту орталығында білім алушылардың жалпы саны 1132 тыңдаушыны құрайды. Орталық мамандары сәулет мамандары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Көрнекі ақпараттың қолданыстағы тіл заңнамасының нормаларына сәйкестігін тексеру бойынша тұрақты негізде рейдтер ұйымдастырады. Орталықтың оқытушылары кәсіби біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу үшін түрлі семинарлар мен курстарға қатысады.

Қала кітапханаларында кітап қоры 2024 жылдың 1 мамырына 233 445 кітапты құрайды, оның 47 961 данасы қазақ тілінде. Келушілер саны — 67 280, кітап беру — 223 188, оқырмандар саны — 19 761. 2024 жылдың бес айында кітапханалар 2648 қатысушымен 170 офлайн іс-шара өткізді, сондай-ақ 4906 қаралым жинаған 23 онлайн іс-шара дайындады. Мереке күні марапат алғандар арасында «Рудный орталық кітапхана жүйесі» ММ директорының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Ольга Александровна Осипова бар. Кәсіби мерекені мерекелеу құрметіне мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қостанай облысы мәдениет басқармасының грамотасымен марапатталды. Ол кітаптармен өз өмірін байланыстырғанына 33 жыл болған.

 

— Бұл саланы тандағаныма еш өкінбеймін. Мен кітапханада 1991 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Жалпы бұл салаға бас кезінде уақытша келген едім. Мамандығымды ауыстыру жайлы да ойладым. Бірақ, кітап оқырмандарымен байланыс қатты ұнап, әлі күнге дейін осы бағыттан кетпедім. Қазіргі таңда балаларға кітап оқудың маңыздылығын түсіндіріп, олардың оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттыру үшін жұмыс жасаудамыз. Кітаппен жұмыс адамды қатты баурап алады, зейінінді ашады. Кітап дегеніміз – сауаттылық және ойлардың дамуы. Мысалы фильм алып қарасақ, ол режиссердің жеткізген қиялы. Ал кітапты оқығанда әр адам әрқалай ойлап, өз ойын қалыптастырады. Ол бізді тәрбилейді, тарихты жеткізеді және біздің дамуымызға үлкен әсерін береді. Жас рудныйлықтардың кейбірі әріп танымай кітапханаға келіп, әдемі әртүрлі кітаптарға қызығып, артынша біздің тұрақты оқырмандарымызға айналып жатады. Өте қуантарлық жағдай. Біздің оқырмандар арасында дәстүрлі «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» байқау өтеді, олар әртүрлі қалалық және облыстық жарыстарға белсенді қатысады. Осы орайда, барша мәдениет және өнер саласында талмай қызмет етіп келе жатқан барша әріптестерімді, оның ішінде орталық кітапханалар ұйымының ұжымын шын жүректен құттықтаймын! Баршаға шығармашылық жолда табыстар тілеймін!, – дейді марапат иесі.

Рудный қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталғандардың қатарында жас мамандар да бар. Олардың бірі жеке кәсіпкер, «Алтын домбыра» дарынды балаларды дамыту орталығының жетекшісі Дүйсенова Назгүл Абайқызы.

 

— Балалар біздің болашақ ұрпағымыз, сондықтан біз оларға іргетас, білім саламыз. Балаларды домбырада ойнауға үйрету. Менде өнер студиясы бар, қолөнер студиясы бар. Ең бастысы – бізде домбыра үйірмесі бар. Ол екінші жыл жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 200-ге жуық бала домбырада ойнауды үйренуде. 6 жастан бастап қабылдаймыз. Орталықта құнды тәжірибе беретін мұғалімдер бар. Біз көптеген облыстық, жергілікті, республикалық және тіпті халықаралық байқауларға қатысамыз. Сондай-ақ, біздің студияда суретшілер балалар көрмелермен Парижге барды. Домбырашылар биыл да Астанада, жақында Түркістанда өнер көрсетті. Жарыстарға қатысу арқылы өздерін көрсетеді, сахнада өзін қалай ұстау керектігі туралы тәжірибе жинайды.  Жалпы, білімім бойынша бухгалтер, заңгермін. Мен көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істедім. Соңғы жұмыс орным  «Горняк» КРЦ бас бухгалтерінің орынбасары болды. Мен өзімді өнер саласынан көрдім. Менің ішкі балалық арманым- сахнаға шығу. Балаларды оқытуды жақсы көремін, маған ұнайды,- дейді Назгүл Абайқызы.

Сый-құрметке бөленген жандардың бірі — Катц Сергей Иванович. Ол Қашар кентінің «Юность» мәдениет үйі басшысының орынбасары қызметін атқарады.

— Бұл мәдениет пен өнер саласындағы айтулы марапаттардың бірі, өңір өнерпаздары үшін ерекше мәртебе. Мен үшін мәдениет тек жұмыс емес, бұл менің өмірімнің бір бөлігі. Қашар кентіндегі «Юность» мәдениет үйі шығармашылық өмірдің орталығы болып табылады. Мұнда бізді өз өнерімен қуантып, адамдарға ұмытылмас эмоциялар сыйлайтын бірнеше халықтық би ұжымдары жұмыс істейді. Қуаныш-бұл біз әр іс-шарада, әр мерекеде беруге тырысатын эмоция.  Бұл күні мен барлық шығармашылық қызметкерлерімізге, әріптестерімізге және серіктестерімізге еңбектері үшін алғысымды білдіргім келеді. Зор денсаулық, сарқылмас шабыт, жаңа шығармашылық табыс және өнер мен мәдениет әлемінде өткізген әрбір күндеріңізге қуаныш тілеймін. Барша мәдениет қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаймын, – деді Сергей Катц.

Сонымен қатар, Қостанай облысы Мәдениет басқармасының грамотасымен  «Орбита» демалыс орталығының бөлім меңгерушісі Наталья Кругловамарапатталды. Рудный қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен  Рудный қаласы әкімдігінің мәдениет, демалыс және шығармашылық орталығының кадр жұмысы жөніндегі инспекторы Астраханцева Светлана, Рудный қаласы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанат Досубаева, Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің директоры Жомарт Құсайын, Рудный қаласы әкімдігінің Қалалық мәдениет және демалыс саябағының техник-электригі Әулиқан Құдабаев марапатталды. Мерекелік жиын соңында марапат иелері қала әкімі алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.

 

Жәнібек ҚАЛАБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *