Рудныйлық оқушылар республикалық олимпиадада лайықты өнер көрсетті

Өткен аптада Астанада 9-11 сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV кезеңі аяқталды. ҚР Білім министрлігінің ресми парақшасының мәліметінше 317 оқушы олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 697 оқушы қатысты.

Дәстүр бойынша олимпиада екі турдан өтті: тестілеу, жазбаша және ауызша тапсырмалар. Барлығы 317 медаль: 162 қола, 94 күміс және 61 алтын. Бұл беделді жарысқа Рудный қаласынан төрт оқушы қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті және лайықты марапаттарға ие болды.

«№ 5 Гимназия» КММ 10-сынып оқушысы Әсия Базарбаева  құқық негіздері бойынша бірінші орынды,  11 сынып оқушылары Виктория Павличенкомен Варвара Иванченко құқық негіздері бойынша екінші орынды, Рудный қаласының білім бөлімінің №1 мектебінен Егор Карев ағылшын тілі бойынша үшінші орынды иеленді.

Бұл жетістіктер біздің оқушыларымыз бен олардың педагогтарының білімі мен кәсібилігінің жоғары деңгейін көрсетеді.  Рудный лауреаттары мен олардың мұғалімдерін олимпиаданың республикалық деңгейіндегі нәтижелерімен құттықтаймыз! Білім беру жолында шығармашылық жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *