Бүгін РИУ қала колледждері мен жоғары оқу орындары арасында волейбол чемпионатын қабылдады.
Бұл шара РИУ-дің 65 жылдық мерейтойына арналған айрықша оқиға болып табылады. Чемпионат жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, есірткіге теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «ESIRTKIGE JOL JOQ» жобасы аясында өтті.
Чемпионаттың басты мақсаты – жастарды бұқаралық спортқа тарту, денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Спорттың қоғамдағы оң өзгерістерге әсерін көрсету мақсатында өткен бұл шара бүгінгі таңда өте маңызды, себебі ол жастар арасында салауатты өмір салты мен спортты насихаттайды. «ESIRTKIGE JOL JOQ» жобасы аясында өткізіліп отырған бұл чемпионат жастардың есірткіге қарсы дұрыс көзқарас қалыптастыруына ықпал етуде.
Чемпионат алаңында қатысушылар нағыз спорттық шеберліктерін көрсетіп, бірлік рухында сайысып жатыр. Турнирде қала колледждері мен университеттерінен келген командалар өзара күш сынасуда. Қатысушылардың құлшынысы мен ұмтылысы алаңда ерекше байқалады.
Әрбір қатысушы үшін бұл чемпионат тек жеңіс жолында күресудің ғана емес, сондай-ақ салауатты өмір салтын таңдаудың және есірткіге қарсы күрестің маңыздылығын түсінудің бір түрі болды. Алаңда көрсетілген нағыз спорттық рух пен өзара қолдау жастардың ынтымақтастығы мен бірлігіне деген сенімділікті арттырды.
Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушылар үшін естен кетпес эмоциялар мен тәжірибе сыйлады. Рудный индустриалды университеті мен қаланың басқа оқу орындарының спортшылары үшін бұл чемпионат жаңа бастамалар мен жетістіктердің жарқын үлгісі болды.